» » Ауылдағы жас техник

Ауылдағы жас техник


Бар ырысын жер анадан терген диқан үшін әр күн қымбат. Себебі егіс науқаны қызатын шақ таяу қалды. Көктем келді дегеннен шаруашылықтардың жұмысы қызатын әдеті емес пе?! Қыс бойы техникасын сайлаған диқандардың енді егіс алаңына бет бұратын күні де алыс емес. Ақтөбе ауылына арнаған сапарымызда «Оңталап» шаруа қожалығындағы қайнаған қызу тіршіліктің үстінен дәл түстік. Анадайдан маңдайы күнге шағылысқан трактор техникаларының оталған дауысы шағын шаруашылықты әнге бөлеуде. Құралдарын арқалаған мамандардың жүздеріне қарап жер анаға деген сағынышын сезгендей күй кештік.
Мақалаға іліп алар дүние іздеп мұнда бас сұққанымызда анадай жерде алып тракторын жуып жатқан жас жігітке көзіміз түсті. Ісіне қарап еңбексүйгіштігі көрініп ақ тұр. Техникаға деген тияқнақтылығы ол өз алдына бөлек әңгіме. Өзін Мадияр деп таныстырған жас маман алып техникаға қызығушылығы бұрыннан бар екенін жасырмады. Шаруашылыққа келгеніне екі жыл толса да өзінің шеберлігін көрсетіп, мұндағы басшылардың көзіне түскен. Міне содан бастап алып трактор жас маманның тізгінінде.
– Шаруашылық төрағасы мені жассың деген жоқ. Қайта мұндай өнеріме риза болып, техниканы сеніп тапсырды. Қазір осында қысы-жазы жұмыс істеп келемін. Кешегі күріш жинау уақытында трактор, машиналарға астықты салып, қоймаға жинап берсем, қысты күні көмір тасыдым, – дейді Мадияр Яхопов.
Кейіпкеріміздің міндеті шаруашылықтың жұмысымен шектелмейді. Одан бөлек ауыл тұрғындарына көлік қажет болса көмектеседі. Бұлай көмек көрсету шаруашылықтың үрдісіне айналған дейді ол.
Механизатор маманның алға қойғаны мақсаты көп. Болашақта алдыңғы толқын ағалары секілді ауылға еңбегімді сіңдірсем деген арманы бар. Шаруашылықтың гүлденуіне үлесімді қосып, осында ізімді қалдырсам дейді ол алысқа көз тастап.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
10 наурыз 2021 ж. 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031