» » Бір отбасында үш еңбеккер

Бір отбасында үш еңбеккер

Қағазға түртіп алар жаңаша дүние іздеумен ІІІ Интернационал ауылына келдік. Осы ауылға әр келген сайын өзгеше жайттарға куә болам. Мұндағы қоныстанған өзге ұлт өкілдерінің пейілі кең бе, әйтеуір тартып тұрады. Оған қоса, ауылдың көркейген келбеті көңілге жайлылық сыйлайды. Жылдағы әдетпен мұнда қызу тіршілік. Себебі күрішке орақ түсер уақыт та жақындап келеді. Техникалардың гүрілдеген дауысы ауылды әнге бөлеуде. Алыстан тап-таза жалтыраған күйде бір бағытқа қаз-қатар қойылған тракторларға қарап, күзгі қызу тіршілікке сақадай сай екенін бірден ұғасың.

Анадайдан ХТЗ-150К тракторын бір пысықтап жатқан жас жігіттің жанына жетіп бардық. Бұл механизатор – Рамазан Исмайлов. Алып техникасын бүге-шүгесіне дейін қарап тексеріп жатыр. Тракторында мін жоқ қой, тап-таза. Әдепкіде су жаңа шығар деп ойладық. Сөйтсек, мүлдем олай емес. Жас механизатор «Достық Жер МК» шаруашылығында 2009 жылдан бері жұмыс істейді.


– Шаруашылықта ең бірінші еңбек жолымды жұмысшы болудан бастадым. Кейін трактор айдайтын ағаларыма маған да үйретуді өтіндім. Техникаға қатты қызығушылығымның арқасында тез меңгеріп алдым. Бастапқыда көне трактор берді. Кейін жақсы нәтиже көрсетіп, бір жылдан кейін жаңа ХТЗ техникасына отырдым. Міне өздеріңіз көріп тұрғандай, әлі басқарып жүрмін, – дейді жас механизатор.

Рамазан №1 бригадада күріш тасушы. Көктемде күн жылынғаннан жер жыртып бастаса, жаз бойы техникасын дайындап, күзде дала төсінде астық тасиды.

– Азанғы сағат 8-де жұмыс басталғаннан кешкі 6-да қайтамыз. Ал күрішке орақ түскен уақытта егінжайда жүреміз. Күні-түні жұмыстан босамаймыз, – дейді ол.

Бойында қуаты тасыған жігерлі жігіттің еңбекқорлығына тәнті болдық. Жүзіне қарап қарапайымдылықты сезесің. Артынан ерген екі інісі де осы шаруашылықта. Бүгінде бір әулеттің үш батырының «осында еңбегімізді сіңіріп, ауылдың гүлденуіне үлесімізді қоссақ» деген арман-мақсаты бар.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
05 қыркүйек 2020 ж. 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031