» » Еңбекқор Ерболат

Еңбекқор Ерболат

Көктемге дейін техникасын сайлап, қыс бітіп күн жылынса жер жыртып тұқым себу, жаз ортасында пресс шөп дайындау, ал күзде күріш ору. Бұл – кәнігі механизатор маманының тынымсыз жұмысы. Құла таңнан кешке дейін қайнаған жұмыстың бел ортасында жүретін олардың шаруашылық жұмысының ілгерілеуіне едәуір еңбегі зор. Шаруаны ұршықша иіретін маман иелерінің жұмысы кез келгеннің алып кететін ісі емес. Соған сай еңбек адамы қай қоғамда да сыйлы. Бүгінде еңбегі еленген сондай жанның бірі – «Жаңажол» ЖШС механизатор жаткисі Ерболат Қалмұратов.
Ол Дүр Оңғар ауылының тумасы. 1999 жылы әскерден келген шымыр жігіт шаруашылық жұмысына араласады. Еңбек жолын «Жаңажол» серіктестігінде механизатор болып бастаған ол №5 бригада да жиырма бір жыл еңбек етеді. Мол тәжірибе жинаған маман ауыл шаруашылығы саласының алға басуына үлкен үлесін қосқан. Таңсәріден егістік алқабына аттанғаннан кеш бата ғана үйге оралып, дән сеуіп, жиын-терімге дейін бір тынбайды.
– Еңбекке бала күнімнен жақынмын. Себебі әкем – Сәрсенбай құрылыс саласында жұмыс істеді, ауыл ұстасы болды. Сол кісіге қарап өстім. Ал шаруашылыққа келсем, мұндағы жұмысым өзіме ұнайды. Ер адам негізі темірге, техникаға жақын жүреді ғой. Қызығушылығым да бар. Механизатор болуыма сол себеп. Қазір көктемгі дала жұмысындамыз. Қысқасы, біздің жұмыс басталды, – дейді Ерекең.
Азаматтың сөзі де, ісі де нық. «Ол өзіне берілген тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарайды» деді қатарластары. Ерболат қазір – жаткист. Бұған дейін талай марапат биігінен көрінген. Жыл қорытындысында І,ІІ орынды иеленіп, «Үздік жаткист» номинациясын алған.
2017 жылы Президенттің Жарлығы мен ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған.
Бүгінде Ерекең аяулы жары Нұргүл екеуі отбасында екі ұл тәрбиелеуде. Артынан ерген атқамінерлеріне қажырлы еңбектің жемісі оңайлықпен келмейтінін үйретуде.
Расында байлық, бақыт, адал еңбек – маңдай тердің арқасында келеді. Еңбек етем дегенге қашанда жұмыс табылады. Шалқадан жатып, шалқып өмір сүрем дегеннің қарны ешқашан тоймайды. Бүгінгі кейіпкердің әңгімесі міне осыны меңзегендей.


Ерсін СӘДУҰЛЫ
21 сәуір 2020 ж. 1 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031