» » Құрылыс дүкені қызмет етеді

Құрылыс дүкені қызмет етеді

Ауыл тұрғындары еңбекқор келетіні сөзсіз. Бірі – шаруашылықта жұмыс істесе, енді бірі – үйде мал бағып, бақша егумен айналысады. Сондай-ақ ауылға барғанда сан алуан сәнді үйлерді көзіміз шалып қалады. Сыртынан қарап, тамсанып-ақ тұрасың. Ал мұның бәрін істеу үшін түрлі әк пен сыр, еңбек құралдары қажет. Бұрын аудан орталығына немесе қалаға барғанда, сол жаққа жолы түскен жанға өтініш айтатын. Енді ІІІ интернационалдықтар барлық қажетті заттарын ауылдан сатып ала алады.
Аты республика көлеміне танымал "Достық Жер МК" ЖШС шаруашылығы жанынан жақында құрылыс дүкені ашылды. Біздің де бұл ауылға жолымыз түсіп, дүкеннің тынысын көзімізбен көріп қайттық. Жұмысын бастағанына көп болмаса да ауыл тұрғындары қызу сауда жасап жатты. Бірі – ауласын тазалауға сыпыртқы алса, өзгесі – түрлі-түсті бояулар  сатып алуда. Айтса айтқандай, жаңа дүкеннің ішінде шаруашылыққа қажетті құралдың бәрі табылады.
Бір ерекшелігі, мұнда барлығы көтерме бағамен сатылады. Қаладан ауылға жеткізілгені үшін бағасына азын-аулақ тиын қосу деген жоқ. Онымен қоса, алдағы уақытта тұрғындар үйге қажетті тұрмыстық техникаға тапсырыс бере алады. Шаруашылықта жұмыс істейтін қызметкерлерге жеңілдік қарастырылған. Олар қажетті заттарын алып ақшасын айлықтан бере алады, яғни дүкенде "жаздыртып алу" тәртібі бар.
– Мұның бәрі ауыл игілігі мен тұрғындар үшін жасалып жатқан іс. Шаруашылық директоры, меценат Мұрат Абайұлы халықтың қамы үшін жасаған тағы бір игілікті іс. Жаңадан ашылған дүкенге келіп сауда жасап жатқан көп. Жаз уақытында барлығы үйінің сәнін келтіріп, бау-бақшамен айналысады. Бұрын оның бәрін күтіп-баптауға құралдар табыла бермейтін. Тұрғындар қаладан сұраныспен әрі қымбат бағаға алдыруға мәжбүр болатын. Енді қазір ауылдан әрірекке кетпей, оның үстіне өз бағасына сатып ала алады, – дейді шаруашылықтың бас есепшісі Айгүл Жүсіпқызы.
Иә, ауданға қарасты ауылдардың ішінде жүйелі дамып жатқан бірден-бір ауыл – ІІІ Интернационал. Қашан қарасаң да жаңалыққа толы, тұрғындары риза. Ауылға бара қалсаң түрлі түске боялған қоршаулар, жасыл желек ағаштар мен көздін жауын алатын мекемелер тамсандырмай қоймайды. Тұрғындары тату бұл ауылда жаңа бастамалар күн санап көбеюде. Бүгінгі жағымды жаңалықтың бірі – осы құрылыс дүкені болып тұр.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
30 маусым 2020 ж. 1 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031