» » Егінжайдағы еңбек үлгісі

Егінжайдағы еңбек үлгісі

Көктем шығып, дала төсіне дән себілгеннен бастап шаруашылықтардың ілгері ісін әркез газет бетінен көрсетудеміз. Егінге орақ түскен тұста күн-түн демей бейнеттен белі жазылмаған дала еңбеккерлері қашанда басты назарымызда. Ақтөбе ауылындағы «Оңталап» шаруа қожалығының егін орудағы тынымсыз тіршілігін білмекке дала төсіне жол тарттық. Желмен теңіздей толқыған сары алқапта техникалар еркін жүзіп, даланы әнге бөлеуде. Атыз ішін айналып, Жер-Ананың ризығын терген алып комбайндар бүйіріне толған астықты трактор тіркемесіне толтыра құйып, жөнелтіп жатыр. Анадайда техникасын суытып, кең далаға көз тастаған майталман маманның жанына барып саулық сұрастық. Бұл комбайншы – Ғамзат Әбдіқалықов.

Техникаға құштар болып өскен маман осы шаруашылықта 2015 жылдан бері еңбек етуде. Алғашқы еңбек жолын комбайн жүргізушісінің қасында көмекші болудан бастаған ол, алып техниканы әп-сәтте меңгеріп алады. Кейін шаруашылық төрағасы жас жігіттің еңбекқорлығын елеп, CLAАS комбайнының тізгінін өзіне нықтап тапсырады. Міне, содан бері ол №1 бригаданың озат жүргізушісі.

– Бұл комбайнның ерекшелігі байланыс құралымен басқарылады. Қазіргі заманауи тілмен айтқанда «алып иномарка». Ішінде барлық жағдайы жасалған. Жылдам қимылдайды. Астық жинау сыйымдылығы жоғары. Бір орып шыққанда бункерге төрт тонна күрішті сыйғыза алады. Егінді жинарда сабағынан айырып, таза күріштің өзін сұрыптайды, – дейді маман.

Мұндағы тіршілік азанғы 8-де басталғаннан кешкі күн батқанға дейін тоқтамайды. Себебі күздің салқын суығы мен жауын-шашынына қалып қоймау керек. Мұндай қолайсыздық орын алса техниканың жұмыс істеуіне үлкен кедергі.

– Қарапайым шық түскеннің өзінде жұмысымыз тоқтап қалады. Ондай кезде комбайн ылғал күрішті сабағымен қосып лақтырып тастайды. Сол үшін күн көтеріліп, кепкенін күтеміз. Бірақ жыл сайын егінді уақытында орып, үлгеріп келеміз, – дейді ол.

Бүгінде Ғамзат ағамыз осындай техниканы жүргізуді үйреткен құрдасы Нұрлан Қыпшақбаевқа алғысын айтады. Ол жалғыз комбайн емес, ХТЗ тракторын да жүргізеді. «Көктемнің бір күні – жылға азық» дегендей, мезгіл басталса жер жыртып, дән себеді. Жазда жоңышқа орады. Міне, енді күрішке орақ салып, оны жинауда. Биыл да жақсы көрсеткішке жетеріне сенімді.

Комбайншы жыл сайын марапатқа ілініп отырады. Бұл еңбек адамының маңдай тері. Қажырлы еңбекпен келген жеміс, қашанда тәтті.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
(сурет автордыкі
26 қыркүйек 2020 ж. 732 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031