» » Есесі қайтпас еңбек жоқ

Есесі қайтпас еңбек жоқ

Әңгімеміз «Достық-Жер МК» ЖШС қойма меңгерушісі – Ким Вячеслав жайында болмақ. Кейіпкерімізді қырман басында жолықтырдық. Әдетте шаруашылықтың жұмысы көктеммен күзде қызады дегенімізбен, қалған уақыттарда атқарар жұмысы жетерлік. Оны Ким Вячеславтың жұмыс үстеліндегі жиналған қағаздардан-ақ байқадық. Біз барғанда жұмысын тоқтатып қойып, жылы шыраймен қарсы алды. Әңгімеге еркін ойысқан ол еңбек жолынан сыр шертті.
– Қалаға арман қуып аттанған шағым. Есепші мамандығы бойынша білім алып, осында бітіріп шықтым. Өскен жерімді түлету үшін ауылға қайтып, алғаш еңбек жолымды жұмысшы болудан бастадым. Қырманда жүріп күріш ектім. Одан соң шаруашылықта сушы болып қызмет еттім. 5 жылға жуықтап қалды, қазір қойма меңгерушісі болып еңбек етіп келемін, – дейді ол.
Ким осы шаруашылықтың тірлігімен біте қайнасып, маңдайы күнге күйіп, табаны жерге тілінген білікті еңбеккер. Жұмысының жемісін де көріп, түрлі жетістікке жетіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. Иә, еселі еңбегімен ауыл шаруашылығының көркеюіне үлес қосқан барша ебеккерлер құрметке лайық жандар.
Бүгінде ол зайыбы Натальямен 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп, отбасының берекесін мығым ұстаған отбасылардың бірі.
Тілшілер тобы
01 наурыз 2021 ж. 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031