» » Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары


Су тасқыны – өзендегі судың кө­те­ріліп, қардың еріп, желдің қатты со­ғуынан өзеннің тасуы немесе сел жү­ру кезінде кейбір елді мекендердегі су басуы.
Су тасқынының келтірер зар­даптарының қатарына үйлер мен ғи­мараттардың, көпірлердің қирауын, темір жолдар мен автокөлік жолдарын су шайып, инженерлік желілердегі апат, тұрғындар арасындағы зардап шегушілер мен жан-жануардың қырылуы сынды оқиғаларды жатқызуға болады.
Үйлер мен жер опырылып, барлығы қозғалып қирап жатқан болса, су тасқынының белгісі деп білсеңіз болады. Су тасқыны кезінде жұмыс орындары мен пәтерлерде радио желісі тәулік бойы жұмыс атқарып тұруға тиісті, себебі, тұрғындар алдын ала хабардар болуы керек. Хабарландыру сигналдары, эвакуация жасау шаралары мен ережелерімен танысып, соған алдын ала дайын болыңыз.
Су тасқыны қаупі туындаған жағдайдағы іс әрекеттерінің:
Төтенше жағдайлар мен іс-әрекет жөніндегі нұсқаулықтар мен ақпараттарды мұқият тыңдаңыз, телефон желісін қажетінсіз қолданбаңыз, сізбен байланысар кезінде желі бос болуы керек.
Сабырлық сақтап, көршілерге ескер­тіңіз, мүгедектерге, балаларға жә­не де егде жастағы адамдарға көмек көрсетіңіз.
Жергілікті билік орындарынан эвакуация үшін тұрғындарды жинау орнын анықтап, соған дайындалыңыз.
Құжаттарыңызды, киім, қажет заттарыңызды, бірнеше күнге арналған тамақтар мен дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Барлығын бір шабаданға жинаңыз. Құжаттарды су өткізбейтін пакеттерде сақтаңыз.
Электрлік тоқтарды тоқ көзінен ажыратып, газды сөндіріңіз.
Бағалы заттарыңыз бен азық-түлік өнімдерін үстіңгі қабаттарға немесе жоғары бөлікке көтеріп қойыңыз.
Шамаңыз келсе су басып жатырған аймақтан кетіп қалыңыз.
Есік терезені жабыңыз, уақытыңыз болып жатса, бірінші қабаттағы есік терезелерді тақтаймен бітеп кетуге тырысыңыз.
Жоғарғы қабатқа көтеріліңіз. Егер бір қатарлы үй болса, шатырдың астында болыңыз.
Көмек келгенше жоғарғы қабатта, үйдің төбесінде немесе ағаш басында болыңыз, құтқарушыларға белгі беріңіз, сізді тезірек тауып алуына мүмкіндік жасаңыз.
Айналаңызда зардап шегушілер жоғына көз жеткізіңіз, болған жағдайда шамаңыз келгенше көмек қолын созуға тырысыңыз.
Көмек келгенше жоғарғы қабат­тарда, төбелерде, ағаш немесе басқа да жоғарылықта болыңыз, мүмкін болса ұялы телефонмен хабарласыңыз, құтқарушыларға Сізді мүмкіндігінше тез табу үшін белгі беріңіз.
Аумақты су басу қаупін байқаған кезде ТЖ қызметінің 112 нөмірі бойынша қоңырау соғып, хабарлау қажет. Есіңізде болсын, қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін арашалап қалу мүмкіндігіңіз көбейеді.
Е.НАЗАРҚҰЛОВ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры
22 ақпан 2021 ж. 7 895 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 060

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031