» » Безендіре білу де бір өнер

Безендіре білу де бір өнер

Жеті рет өлшеп, бір рет кесетін қандай да бір жұмыс төзімділікке тәрбиелейді. Соның ішінде қыз баланың қолынан көп нәрсе келгені қажет-ақ. Іске бейім болу кестетігерге жарасар жақсы өнер. Тәуелсіздікпен бірге туып, егемен елмен бірге есейген, он саусағынан өнер тамған кент тұрғыны Айгерім Аманова – 3 баланың анасы. Инженер-құрылысшы және экономист сынды қос дипломы бар құрдасым мамандығына сай аудан орталығындағы білім ордасының бірінде есепші болып еңбек етеді. Десе де декреттік демалыста бос отырмауға бел буған ол қолдан келген дүниені кәсіп қылып, өзін жаңа қырынан дамытуда. Бала кезден сыныптас құрбыларына бисерден есімдері бар білезік тоқып сыйлайтын. Жүрегі қалаған жұмыстан әсте қол үзген емес. Бисер тоқу өнері – өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Айгерім қазір Жосалы кенті бойынша бесікке салу, тұсау кесу, қыз ұзату сынды дәстүрлі тойларға қажетті бұйымдарды сапалы, жоғары деңгейде жасап жүргендердің бірі. Автокөлік және үйге ілуге тұмар, бисер мен моншақтан сырға мен алқа, диадема, басқа тағатын әшекей, қыз балаларға ұлттық киім, бантиктің түр-түрін тіксе, арнайы бағдарлама арқылы қағаз, магнитті күнтізбе, естелік үшін баланың туған ай, күні, салмағы мен уақытын бейнелейтін метрика, туған күнге тойбастар, шокобоц, фотокарточка жасап жүр.
– Қызыма деп ең бірінші бантик жасап көрдім. Қызығушылық білдіргендер тапсырыс бере бастады. Карантин уақытында отбасы мүшелеріне арнап көпреттік маска тіктім. Мұның арты сұранысқа ұласып, тапсырыс әлі тоқтаған жоқ. Жасаған жұмыстарымды инстапарақшамда бөлісіп отырамын. Нағашы әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Әжеме жақын болып, жанында өстім. Бұл жақсы қасиеттер сол кісіден тараған болар. Адам жаны қалаған іспен айналысқанда шаршатпайды, қайта қуат алады. Шын мәнінде, уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Өйткені уақытты біз қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Менің мақсатым – қай салада жүрсем де нағыз маман болу. Үнемі ізденіс пен өзін-өзі дамытып отыру бүгінгінің талабы. Бір адамның қолынан келген іс екінші адамның қолынан келеді емес пе?! Сондықтан білмегенімді үйреніп, білгенімді өзгелерге үйреткім келеді, – дейді ол ағынан жарылып.
Болашақта түрлі тігін машинасы мен құрал-жабдықты көбейтіп, кәсіп ашу – ойында. Қазір жаңа туған нәрестені перзентханадан шығарып алу, шілдехана тойлары безендірусіз өтпейтін болды. Көлікке жазулар жазып, шар байлау сәнге айналды. Оның бәрін облыс орталығынан алдырғаннан өзімізде болғаны әлдеқайда тиімдірек.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
12 қаңтар 2021 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 289

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 384

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930