» » ӨНЕРГЕ МАШЫҚ АЙЗАДА

ӨНЕРГЕ МАШЫҚ АЙЗАДА

Қыз бала дүние есігін ашса «Кесте тігерім», «Жүзік ілерім» келді деп бекер қуанбаса керек қазақ. Қыз баланың қолына кішкентайынан ине мен жіп беріп іске бейімдеген. Сол арқылы сабырлы, икемді болуға баулыған.
Айзада Таңатарова бір отбасында өскен үш қыздың ортаншысы. Бала кезден әдемілікке құмар. Еңбек сабағын сүйіп оқыған. Кесте тігіп, тоқыма тоқуды, сурет салып, макеттер құрастыруды жаны қалайтын қаршадай қыз үнемі ізденіп жүретін. Жоқтан бар құрап түрлі моншақтан алқа мен сырға, соған сәйкес білезік пен шашына қыстырғыш жасап тағып жүргенде құрбылары қызыға қарайды. Қазір шілдехана, бесік той, тұсаукесер сынды дәстүрлі тойлар ерекше безендірумен өтеді. Осы тойда пайдаланатын құрал-жабдықтар мен төсеніштерге тапсырыс алып жүр. Үйлену тойында қалыңдық қолына ұстайтын бума гүлдің де түр-түрін жасайды. Жаңашыл жас ізденуден, үйренуден жалыққан емес.
Айзада бұл өнерді тек кәсіп етпей жасаған бұйымдарын естелік үшін сақтап қояды. Қолы қалт етсе ине мен жібін алып, іске кіріседі. Жаны қалаған жұмыстан жігер жинайды. 
Г.ДҮЗЕНОВА.
23 сәуір 2019 ж. 2 031 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 575
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 367

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031