» » ШАБЫТТЫ ҚАНАТ ЕТКЕН ШЕБЕР

ШАБЫТТЫ ҚАНАТ ЕТКЕН ШЕБЕР

 
Бисер. Естір құлаққа заманауи болып көрінетін бұл өнер туындысы – салт-дәстүрімізде ежелден бар. Заманында нәзік жандылар үйдің көркін келтірер осынау өнерді паш етіп, жарыса тоқыған. Тарихымызда қазақ аруы қайсарлығымен қоса, саусағынан өнері тамған ісмерлігімен де әлемге аты шықпап па еді?
Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан бисер, яғни моншақтап тоқу өнері – қазіргі кезде де өз құндылығын жойған жоқ. Уақыт алға жылжыған сайын жетіле түсіп, түрлі әдістері пайда болуда. Оған «су моншақ» деп ат қойып, айдар тағып алдық. Айтулы өнерді өміріне серік еткен қолөнершінің бірі – Ұлболсын Домбаева. Ол Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде технология пәнінен сабақ береді. Ұлағатты ұстаздың шеберханасынан көптеген өнер шығармасы табылады. Бисер өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар Ұ.Тынымбайқызының бірқатар шәкірті бүгінде жоғары жетістікке қол жеткізіп жүр.
– Бисер – моншақтың ұсағы. Бұл халқымызда ертеден бар. Оның сыммен, жіппен, кестелеп және аралас тоқу сынды түрлері болады. Баланың эстетикалық талғамын ашып, шығармашылығын дамытуда септігі зор. Сонымен бірге, фантазиясын дамытады. Мектеп оқушыларын сұлу да сырлы өнерге баулу – мен үшін үлкен мәртебе. Ұсақ моншақпен жұмыс істеу – табандылықты, шыдамдылықты қажет етеді. Моншақтан неше түрлі бұйым жасағанда бала жанады. Бисердің саусақ ұшындағы маториканы дамытуда рөлі ерекше. Осы салада 21 жыл жұмыс істеп келемін. Оқушының қызығушылығы тамаша. Мектеп бағдарламасына сай, І тоқсанда шәкірттерге сабақ кулинария бағытында жүрсе, ІІ тоқсанда тігін, ІІІ тоқсанда қолөнер бағытында білім нәрімен сусындайды. Ал, ІV тоқсанда оқушы өз таңдауымен шығармашылық жоба қорғайды. Талап етсең, алынбайтын қамал жоқ. Сабағым 80 пайызы тәжірибемен үйлесетін болған соң шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік жетерлік. Осы ретте бисер өнерінде еліміз бойынша жетістікке жеткен оқушыларымды марқая атап өтсем. Астанада республикалық ғылыми-өндірістік білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен іргелі байқауда 9-10-сынып оқушылары Айгерім Мұхатаева, Ақбота Ашимханова, Саят Нұрғали, Айгерім Абдуллаевалар жеңімпаз атанды, – дейді қолөнерші.
Ұлболсын Домбаева – нағыз шығармашылық адамы. Ол жақында бисер тоқудың жаңа технологиясын ойлап тапты. Қазір ол аталған әдіс-тәсілді оқушыларына үйретуде.
Расында да, шығармашылық – қашан да адам жанын жадырататын дүние. Әсілінде өскелең ұрпақтың өнерлі болғаны қандай ғажап. Мектеп дәлізі мен қабырғасынан көздің жауын алатын бисер картинасы мен бұйымының ойып орын алуы – ұстаз білігін танытса керек-ті.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет),
«Қармақшы таңы».

07 қыркүйек 2018 ж. 2 156 3

JeaCold от 16 ақпан 2019 05:04
Je Prends Amoxil Lioresal En Ligne 25mg buy viagra Keflex Manufacturing Does Amoxicillin Really Expire

lookHot от 23 маусым 2019 14:49
Отдых в Украине tbetu.com.ua Лучший отдых - это Кирилловка www.tbetu.com.ua

aviaMat от 25 маусым 2019 13:40
Новости авиации aviahot.news Новости частной и малой авиации aviahot.news Детали на сайте - https://www.aviahot.news

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 062

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031