» » КЕСТЕ ТІКТІМ ӨРНЕКТЕП, КӨЗДІҢ ЖАУЫН АЛАТЫН...

КЕСТЕ ТІКТІМ ӨРНЕКТЕП, КӨЗДІҢ ЖАУЫН АЛАТЫН...

Бүгінде алматылық мүмкіндігі шектеулі Анар Лепесова қолдан ойыншық тоқиды. Оның ойыншықтары мұхит асып та үлгірген. Анардың қолымен тоқылған 4 мың ойыншық өз иесін тапқан. Шебер қызға денсаулығы қозғалуына мүмкіндік бермесе де, тағдырына налып, ренжімепті. Анардың ойыншығына Қазақстаннан бөлек, Африка, Үндістан, Ресей, Түркия мемлекеттерінен де тапсырыстар түскен. Осындайда әлемді ұстап тұрған мейірім мен махаббат демеске лажың жоқ. Өйткені, қаршадай қыздың ойыншықтары әлемнің түкпір-түкпіріне тарап, әр отбасына мейірім шуағын төгуде.
Жосалы кентінің тұрғыны Бақыткүл Райымбаеваны көпшілік «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі арқылы жақсы таниды. Оның айтулы бірлестікті ашып, жұмыс істеуіне төл перзенті себепкер болса, екінші себепкер – оның қолөнерге деген қолының ісмерлігі еді. Бала кезде әжесі Ақыштан көргені бар, бертін келе анасының қолы қалт еткенде кілем тоқитыны – Бақыткүлдің болашағын айқындап берді. Қай жерде жұмыс істесе де, қазақтың қолөнерін дамытуға атсалысты.
– Әжем соғыс кезінде кілем сатып, ақшасына ағайын-тумасын асыраған кісі. Отбасында анам да кілемші болды. Мен де осы аналарымның ізімен жүріп, тігу-тоқуға бір табан жақын болдым. Бірлестікті құруыма да қазақтың салт-дәстүріндегі қолөнер шеберлігі ықпал етті. Балаларды қызықтыру, өнерді әрі қарай өрбіту – басты мақса­тыма айналды. Кестеге де ден қойдым. Бұлар бір-бірімен сабақтас, өзектес дүниелер ғой. Кестенің түр-түрі бар: торлап тоқу, айқас тоқу деген сияқты. Менің тәжірибемде біз кестені кеңінен қолданылады, – дейді кейіпкеріміз.
Кесте дегенде ойға ата-баба дәс­­түрі түседі. Ертеде малдың кәрі жілігінің шыбығынан аналарымыз біз жасап, кесте тоқыған. Небір қажетті тоқымаларды тұрмыс кәдесіне жаратқан. Ешбір технология жоқ кезде де халқымыздың қолөнері ең биік тұғырдан орын алған.
Шебердің қолынан шыққан тың туындыларға қарап отырмыз. – Мынау соңғы шығармам, – деп жұмысы жар орта­сына келген бояуы қанық туындысын көрсетіп.
– Кесте жібін Алматы, Қызылорда қаласынан сатып аламын. Сапалы жіпке ақша аямаймын. Себебі, жұмыстың көріну, көрінбеуі жібіне байланысты. Былтырдан бері 15 шығармам сатылды. Бағасы – 2-7 мың теңге төңірегінде. «ЭКСПО»-да көп сатылды. Сатып алушы – шетелдіктер мен қала қонақтары. Ауылдық жерде кесте бағалана қоймайтын сияқты. Кейде мектептердің тапсырысына қарай да жұмыс істеймін. Өңірде біз кес­темен тоқу өнерін дамыту керек. Бізде жапсырмалы кестеге мән беріледі. Біз кесте ескеріле бермейді. Мұнымен тоқитындар саусақпен санарлық, тіпті жоқ деуге негіз бар. Білім ұяларында технология пәні мұғалімдері қыздарға жай кесте тоқуды үйретсе, қыркүйекте кент орталығынан «Шеберлер орта­лығы» ашылмақ. Үйренемін, ізденемін деген қыз-келіншек болса – осы жерге келіп, бәрін үйренуіне есік ашық, – дейді шебер.
Б.Сейіткәрімқызы бүгінде бірлес­тікте бірқатар шәкірт тәрбие­леуде. Олардың қатарынан Аида Шауханбаева мен Нұрай Тынысбекованың есімін мақта­нышпен айтуға болады. Сондай-ақ, шебердің немересі 8 жасар Іңкәр Боранбай да әже мектебінің талапты шәкіртінің бірі. Қолөнер шебері шәкірт­терін, сонымен бірге бисермен жұмыс істеуге, кілем тоқуға баулуда.
ТҮЙІН
Қысқасы, қазақтың шебер аналары бар да, қолөнер дәстүрі ешқашан өшпек емес. Жанашыр қыз-келіншектер тұрғанда жанып, жарқырай бермек. Соның бір дәлелі – қазіргі кезде шебер Бақыткүл Райымбаеваның «Том және Джерри» авторлық шығармасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев қоры көрмесінің төрінде ілулі тұр.
С.ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
17 тамыз 2018 ж. 2 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031