» » » Он саусағынан өнер тамған

Он саусағынан өнер тамған

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген ұлттық кодымыздың тамырын қазақы салт-дәстүрден іздесек, әсте қателеспейміз. Қазақ халқы ежелден-ақ ұлттық құндылығын қастерлеп, салт-дәстүрін сақтаған. Зергерлер алтын, күмістен әшекей бұйымдар соқса, әр қазақ әйелінің қолынан ұршығы түспеген. Тұрмыс қажетіне керектінің бәрін қолөнермен ұштастырып, оны жас ұрпаққа жалғап отырған. Ұлттық қадір-қасиетіміздің парқын арттырып, ісмерлігімен танылған кәсіп иесінің бірі – Сәрсенкүл Байқазақова.
Құрақ құрауға жас кезінен бейім С.Майқарақызы  көрпеше, жапқыш, жастық, қоржын, орындық төсеніштері және тағы басқа ұлттық нақыштағы дүниелерді жасаудың шебері. Оның қолынан шыққан бұйымдар сәнді әрі ерекше. Ол бүгінде жергілікті жұртшылықтан бөлек, Көкшетау, Қарағанды, Алматы, Тараз тәрізді өңірлері мен Қызылорда қаласынан тапсырыстар қабылдап, жұмыс істеуде.
– Қолөнер – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрі. Оны жалғастыру – әрбіріміздің ортақ парызымыз. Алғашында сүйікті ісім болып басталған көрпе көктеу, іс тігу өнері кейін келе отбасылық табыс көзіне айналды. Алыстан жұмыс іздеп ат арытпадым. Өнерім екі алақанымда болғасын Алла қуат берсін деп, зор үмітпен кәсібімді бастап кеттім. Нәтижесі жаман емес. Көрпе құрау, іс тігуді меңгергісі келетін қыздар мен үйде келініме үйретудемін. Келешекке мақсат – айқын, бағыт – нық. Жұмысымды жетілдіріп, заманауи тігін машиналарын алып, жұмыссыз қыз-келіншектерді жұмыспен қамтысам деймін. Қайтарымсыз грант не болмаса мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын несиелер болып жатса, құба-құп болар еді. Қазір адамдар заттың сапасына баса мән береді. Мен де өз тұтынушыларыма тапсырысты сапалы әрі қолжетімді бағада ұсынамын. Еңбектің жеңілі болмайды. Көз майыңды тауысасың, төзім керек. Қолөнердің құндылығы да осында. Менің қолымнан шыққан қошқар мүйіз, мозайка, ши құрақ үлгісіндегі көрпеше-жастықтар біраз үйлердің көркін кіргізіп, сәнін келтіруде. Тапсырысқа сай қыз жасаулары да тігіледі, – дейді кәсіпкер.
Балалары мен немерелерінің ардақтысы бірлікпен тірлік етудің жөнін жақсы біледі. Кәсіп ет те, пайда тап. Қызмет ет те, жемісін көр. Бұл – бүгінгі күннің басты ұстанымы. Қазаққа нәпақа табу да, ұлттық өнерді ұлықтау да керек. Екі жүктің басын теңдей түзу ұстап отырған кәсіпкер ананың да ұстанымы осыған саяды.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет).
«Қармақшы таңы».
10 сәуір 2018 ж. 3 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031