» » Хоббиі кәсібіне айналды

Хоббиі кәсібіне айналды

Жаңа істі бастау үшін оған бір нәрсе түрткі болады. Бірі – бос жатқысы келмейді. Енді бірі – идеясын жүзеге асырмақ ниетте болса, ендігісі – өмір сүру сапасын арттырғысы келеді. Ал біз жазғалы отырған жан бастаған кәсібін жаны қалап, бірнеше жыл оқыған мамандығын соған айырбастаған.
Жауқазын Асылбекқызы – 24 жаста. Алдашбай ахун ауылында туып-өскен ол Қызылорда қаласындағы Қазақ гуманитарлық Заң және техникалық колледжде «МАИ» мамандығы бойынша білім алады. Бірақ оның таңдауы мемлекеттік қызмет емес, өзінің жаны қалаған хоббиіне түседі. Бүгінде ару визажистікпен қатар тұрғындарға тапсырыспен фаст фуд тағамдарын әзірлеуде.
– Жастайымнан кафелерде жұмыс істедім. Анам да сондай жұмыстармен айналысқан. Осында жүріп жеңіл әзірленетін тағамдарды пісіруді үйреніп алдым. Кейін ойлана келе, өзгеге жұмыс істегенше өзіміздің де қолымыздан келетін дүниені өзіміз бастап көрейік деп шештік. Нәтижесі шүкір, көп уақыт бола қоймады. Клиенттеріміз де едәуір жиналды, – дейді талапты жас.
Оның алға қойған мақсаты көп. «Басталған жаңа іс – мақсатымның бір бөлігі ғана» дейді ол сөз арасында. Алдағы уаққытта жеке сән салоны мен киім дүкенін ашқысы келетінін де жасырмады. Бұл мақсат жолында ол аянып қалған емес. Күні-түні еңбек етіп, болашағын қазірден жоспарлауда.
– Кейде ата-анасының мойнында отырып, отбасына әбден масыл болған ерлерді көріп қатты қапаланамын. Аяқ-қолы сау, еңгезердей-еңгезердей жігіттер. Бірақ сол болмысын, Алла берген денінің саулығын пайдаланбайды. Екі қолына күрек ұстауды да ұмытып жатқандай. Уақыт жылдам. Әне-міне дегенше 30, 40 тіпті 50-ден асқаныңды байқамай қаласың. Сол кезде бар арманыңның орындалуына уақыт жеткіліксіз болады. Сол үшін жоспар құрып, мақсат қойып, соған лайықты қарекет ету керек, – дейді Жауқазын Маханбетиярова.
Ал Жауқазынға тапсырыс беріп, шашлық, дөнер, КФС, пицца тағамдарын тұтынып жүрген тұрғындар оған дән риза. Жылдам әрі дәмді мәзірге алғысын айтып, кәсібіне береке тілеуде. Біз де жас талапқа арманының аласармауын тіледік.
Айнұр ӘЛИ
05 қаңтар 2021 ж. 730 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 402
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930