» » Еңбеккерлер елінде, береке бар төрінде

Еңбеккерлер елінде, береке бар төрінде

Қазір не керек? Бәрі бар. Барын ұқсатып, мына қызуы қайнаған тіршілікте нәсібін көріп жүргендер жетерлік. Елдің табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетінен де байқалса керек-ті. Әрине, қазір табысты компаниялар жетерлік. Соның бірі – ІІІ Интернационал ауылындағы өзінің емес, өзгенің де тұрмысын түзеп, халықтың алғысын алып жүрген «Достық Жер МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Шаруашылық аймаққа емес, тұтас қазақ еліне аты кеңінен тарап үлгерді.

2500-ге жуық тұрғыны бар ауыл түрлі ұлт өкілімен тату өмір сүріп, тыныс-тіршілігі, қам қарекетімен көз қуантуда. Кемтігі бүтінделіп, табысы еселеніп, еңсесі еңбектен көтерілген мекеннің қазан-ошағы жиюлы, тұрмысы тұрақты. Жыл сайын күріш егіп, қамбасын астыққа толтыратын жер биыл да бітік егін өсіріп, алтын күзде қамбаға мол астық құйды. Мұрат Абайұлы тізгіндеген шаруашылық – аудандағы ауқымды ұжымдардың бірі. Серіктестік диқандары жаз бойы мәпелеп өсірген астықты ысырапсыз жинап, 2192 гектар алқапқа 175 300 центнер күріш еккен. Ескі жоңышқа – 1200 гектар, жаңа жоңышқа – 468 гектар, бидай – 468 гектар жерге енсе, мақсары – 70 гектар жер көлемінде егілді. 6 егіс бригадасында нақты 240 адам жұмыс істейді. Ал тіршілік қызған шақта бұл сан 270-ке дейін барады. Одан бөлек серіктестік 600 бас саулық қой алып, ферманың кірпішін қалады. Онда бір шопан мен оның көмекшісі жұмыспен қамтылған.
– Серіктестік 2016 жылы құрылған. Басты кәсібі – күріш өндіру. Шаруашылықта заманауи, жоғары автоматтандырылған күріш зауыты бар. Жыл сайын нарыққа шығатын өнім көлемі артуда. Одан бөлек шаруашылық әлеуметтік жауапкершілікке баса назар аударады. Мәселен, ауылды абаттандыру, көшелерді асфальттау, әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу, демалыс орнын қалыпқа келтіру секілді шаруаға да бір кісідей атсалысудамыз, – дейді серіктестік директоры Мұрат Абайұлы.

Мұнда жер тегістейтін 4 техника, 2 CLAS трактор, Джокер комбайн мен жатка техникалары жаңадан алынған. Шаруашылықтың бас экономисі Қанат Баймағамбеттің айтуынша, ауылға 1100 тонна көмір әкелінген. Оның 700 тоннасы таратылып үлгерсе, қалғаны қыс бойына қорда тұрмақ. Ал қоймада күріш, май, қант, ұн секілді астық сақталған. Бұл уақыты келгенде айлық есебінен қызметкерлерге беріліп отырады. Әр үйге 20 литр солярка, жыңғылы тағы бар.

Талай диқаншының құтты орнына айналған жердегі өркенді істерді атап өтпеу мүмкін емес. Ауыл орталығына балалар ойын алаңы мен жаттығу құрылғылары орнатылған. Қызмет көрсету бағытында жүзеге асырылатын жоба бойынша алғы жұмыстар қанатын кеңге жаюда. Мұндағы тігін цехында қазір 5 адам жұмыспен қамтылып отыр. Олар серіктестік қызметкерлеріне қыстық, жаздық қызметтік киім тіксе, тұрғындардан да тапсырыс алады. Одан бөлек құрылыс дүкені халыққа қалқысыз қызмет көрсетіп отыр. Орталықтандырылған ғимарат ішінде шаштараз, аяқ киім жөндеу цехы, дүкен, тіс емханасы секілді қызмет түрлері де іске қосылмақ. Ауылды абаттандыруда кіреберісте ауыл паспорты орнатылған. Жанында кіші архетиктуралық пішіндер қойылып көрікті одан әрі кіргізген. Әрбір игі іске ұйытқы болып жүретін серіктестік директоры жомарт жүректі жан. Осылайша шаруашылық қайырымдылыққа белсене атсалысып, пандемия кезінде де түрлі көмек көрсетті. Ал талайда қуантқан жаңа үйдің кілтін табыстауы бөлек әңгіме.

Иә, ұлт жаппай еңбекқор болғанда ғана ел еңсесі биіктей түседі. Ал біз айтқан еңбеккерлер елінде еңсесі биік, берекесі тасыған ғажап құбылыс бар.
Айнұр ӘЛИ

05 желтоқсан 2020 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 096

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031