» » Кәсіп түбі - нәсіп

Кәсіп түбі - нәсіп


Болмысы нәзік, қажырлы да қайратты, өз ісіне мығым қазақтың қара көз қыз-келіншектерінің қоғам үшін алар орны ерекше. Олар кәсіпкер, дәрігер, мұғалім, инженер, осылайша тізе беруге болады. Қолдарынан бәрі келеді. Сегіз қырлы. Оның үстіне жар, ана, бір-бір шаңырақтың ұйытқысы. Осындай жанның бірі – Ақзада Умирзакова.

Несібенің қыруар еңбекпен келетінін білетін Ақзада Умирзакова «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы туралы естиді.

Тыңдап қараса,мемлекеттен жұмыссыз адамдардың белгілі бір кәсіппен шұғылдануы үшін қомақты қаражат алуға болатынын біледі. Дейтұрғанмен, ойы сан-саққа жүгіреді. Бизнес көзін ашу үшін бірден көп қаржыға қол созам деп арандап қалып жатқандар қаншама?Қабырғасымен кеңесіп, ойлана келе, аталмыш бағдарламаның беріп отырған мүмкіндігін пайдаланып қалуды жөн көреді. Ұзатпай бизнес-жоспарын дайындап мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алады.

Алған қаражатына құрал жабдықтарын алып, Төретам кенті орталығынан жеке шағын тігін ательесін ашады.

Қазірде ісмер әйелдің қолынан шыққан заманауи үлгідегі перделер қыз-келіншектердің талғамымен дөп түсуде. Жұмысын бар ынтасымен атқарып, сапасына көп көңіл бөлетін Ақзадаға тапсырыс берушілердің де қарасы мол.

11 қараша 2020 ж. 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 018
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 244

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031