» » Өткелден өту қауіпті

Өткелден өту қауіпті


Ауылдың кедір-бұдыр жолында теңселіп келеміз. Бақсақ адам қарасы көрінбейді. Шаңды бұрқырата өтер көлік те жоқ. Сірә, ауылдың тіршілігі өз қазанында қайнап жатса керек. Іс сапардағы жол картамызбен темір жолдың өткелінен өттік. Анадайдан түтіні шыққан үйлерге көз тастап қоямыз. Ал, жол жеткізер емес.
Зыр етіп, бар күшімен оң жақ қапталдан өткен пойыз дауысы тіпті құлақты жарып барады. Ебедейсіз жүріспен үйлер тұрған жаққа жақындадық. Бүгінгі мақалаға түрткі болған көрініске тура осы жерде тап болып едік. Шамамен 2-3 сынып оқушысы болуы керек, бергі беттен мектепке баруға асық. Ал шойын жолдың бойында кәстөм-шалбар киген бір кісі әлгі оқушының жолын бағып тұр. Апыр-ау, бұл не дестік. «Сабақты ине сәтімен» дейді ғой. Сол мектептің директорымен жолымыз тоғысып, аз-кем әңгіменің тінін тарқатқан болатынбыз.
Бізге үрейлі көрінген көрініс Қызылтам стансасының тұрғындары үшін үйреншікті жағдайға айналған. Таңғы, түскі сабаққа 42 бала осы өткелден өтіп, мектепке барады. Айналып өтуге тағы болмайды. Алдымен, жол алыс. Одан соң жүріп жатқан көлік жоқ. Тек осы жер арқылы шойын жолды қарс айырып өтуге тура келеді.
– Осы беттегі оқушылардың мектепке баруы алаңдатпай қоймайды. Біраз қайғылы оқиға да орын алды. Былтырдың өзінде кішкентай бүлдіршін ойнап жүріп... Түсінген боларсыз. Бала түгіл ересектердің өзі бұл жерден өтуге жүрексінеді. Бірақ амал жоқ. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін жолға мектеп мұғалімдерін кезекшілікке қойдық. Олар азанда, түсте оқушы сабаққа келер уақытта алма-кезек жолдан өткізіп отырады. Қыстыгүні ерлер кезекте болады. Күн суықта әйел затына бұл ауыр. Бір бала ерте шығады, біреуі кеш деген секілді. Одан соң осы беттегі мектепке баратын оқушылардың тізімін жасап қойдық. Сол тізім арқылы өткен баланы түгендеп аламыз, – дейді №79 негізгі мектептің директоры Сәуле Әбікенова.
Ойланып отырып ойға қалдық. Бірінен соң бірі өтіп, зулап жатқан пойыз. Ал сіз діттеген жерге асықсыз. Күнделікті өзіңізде бір миссия бар. Ол арғы бетке аман-есен жету. Балаңыздың аман-сау үйіңізге оралуы. Ұстаздардың да күнделікті уайымы осы. Балалар әрлі-берлі өткенде әлденеге тап болмай, ата-анасына қауышса екен деп тақымын қысып отырады.
– Бұл жерге мектептен кезекшілік қойылғанына шын қуанамыз. Себебі балалардың барып-келуі жол қысқартқанда жақын болғанымен, қаупі көп. Алаңдап отырамыз. Жолын тосып, қарайлап жүреміз. Ендігі қайғылы оқиғалар орын алмаса екен дейміз. Барлығының оң өзгеріске бет алып, бұл күндер де артта қалады деген сенімдеміз, үміттеміз, – дейді көпбалалы ана Айман Қалау.
Айнұр ӘЛИ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
10 қараша 2020 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 382

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930