» » ЖОЛ ҚАДІРІН ЖҮРГЕН БІЛЕР...

ЖОЛ ҚАДІРІН ЖҮРГЕН БІЛЕР...

Иә, бұл тәмсілді «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолына түсіп, ауылға қарай бет алғанда айқын аңғарасың. Жолаушының бәрі разы. Әсіресе жүргізушілер алғысын жаудырып жүр. Расымен, біз 30 елдің сапына қосыламыз деп арманға бастайтын жоспарлар жолында үлкен қадам жасадық. Ауылдан аудан орталығы Жосалыға таксистер небәрі 20-25 минутта-ақ жетіп келеді. Бұрын аудан орталығына жету үшін кедір-бұдыр кедергісі көп жолмен бір сағаттан аса уақыт кететін. «Елдің кемелденгенін көргің келсе жолына қара» дегенді осындайда айтатын шығар.
Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында: «Қайнаған тіршілік – күре жолдың бойында. Жол – шын мәнінде өмір­дің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір тамырға айналуы тиіс», – деп бекер айтқан жоқ. Расымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы зор табыс әкелетіні ақиқат. Себебі орасан қаржы жұмсаған жоба енді тек игілігін көрсететініне кепілміз. Үлкен жолдың бойында үнемі қозғалыс, толас таппайтын қайнаған өмір бар.
Мемлекеттің гүлденуі – ауылдың бе­рекесі мен бірлігінен бастау алады. Ендеше тірлігі бар ауылдардың тіршілігі де еш­қашан таусылмақ емес.
Жыл өткен сайын автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына аса мән берілуде. 2018 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінен Дүр Оңғар, Иіркөл, Төребай би ауылдары мен Төретам кентінің және ІІІ Интернационал ауылының кірме жолдарына және «Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев» жолының орташа жөндеу жұмысына рес­публикалық, облыстық бюджеттен 1 млрд. 171 млн. теңге бөлініп, жұмыс толық аяқталды.
Тұрғындар атаулы жұмыс қақында не пікірде? Такси жүргізушілері мен тұр­ғындардан да жол жайлы жөн сұрадық.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары да өткен жылы жүргізілген жұмыстар жөнінде ақпарат беріп, биылға жоспарланған жұ­мыстардың көп екенін айтып отыр. Тұр­ғындарды толғандырып жүрген жол сапасы алдағы уақытта өз шешімін табатынына сенім мол.
Түйін
Ел игілігі үшін жасалған әрбір дүниені ұқыпты үйлестірсек игі. Жол қадірін жүрген біледі. Жол салған мен Мешіт салғанның сауабы мол дейді Құран Кәрімде де Алла Тағала. Ендеше әрбіріміздің жолымыз ашық та, тегіс болсын. Бір адам салған жолдан мың адам алғысын айтып өтіп жатса, бұл Алла алдында да, адам алдында да сауабы мол қайырымды іс.
Гүлжанат Дүзенова
03 сәуір 2019 ж. 1 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031