» » Партияның әлеуметтік жобаларын жүзеге асырып отырған сала өкілдерімен кездесу өтті

Партияның әлеуметтік жобаларын жүзеге асырып отырған сала өкілдерімен кездесу өтті

Өңірде 30 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Олардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін, әр екі жыл сайын арнайы жол картасы бекітіледі. Осы жол картасын жүзеге асыру үшін бюджеттен қомақты қаржы да жұмсалуда. Әлеуметтік оңалту шараларын орындауда сала қызметкерлерінің еңбегі ұшан теңіз.
Бүгін партияның әлеуметтік жобаларын жүзеге асырып,халықтың әлеуметтік қолдауды талап ететін түрлі топтарымен қоян-қолтық жұмыс жасап келе жатқан сала мамандарымен «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов кездесіп, әлеуметтік қызметтердің сапасы, ондағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Атап өту керек, елімізде Тәуелсіздік алған жылдардан бері міндетті әлеуметтік сақтандыру, базалық, мемлекеттік-әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік, әлеуметтік көмек және жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету болып табылатын халықты әлеуметтік қорғаудың көпсалалық, бірнеше деңгейлік ұлттық моделі құрылған болатын.Осының арқасында халықтың әлеуметтік қамтылуын қамтамасыз етумен қатар қоғамымыздың тұрақтылығы сақталып отыр. Бір ғана мысал, елімізде орын алған пандемия кезеңінде дағдарысқа қарсы жедел шаралардың нәтижесінде тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетіліп, мемлекет тарапынан қолдау шаралары ұйымдастырылды. Осы жағдай кезеңінде әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері үздіксіз 24 сағат жұмыс жасап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Біз әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді шешуде ақылдасып, бірлесіп шаралар қабылдаудамыз. Сондықтан, әлеуметтік сала жетістіктеріне біз қашан да қуанамыз, осы сала қызметкерлерінің жұмыстарына тек сәттілік тілейміз,- деді кездесу барысында Шәріп Әбдірахманов.
Кездесуде облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Мұрат Жұмаділдаев сөз алып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қоғамдық көліктерде жүру мәселелері сондай-ақ, ғимараттарға, оның ішінде жаңадан салынатын ғимараттар мен тұрғын-үйлерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру секліді мәселелерді ортаға салды.
Ерекше қажеттілігі бар жандардың жүріп тұруына көптеген кедергілер бар екенін жақсы білемін. Барлық проблемаларды бір күнде шешіп тастау мүмкін емес. Әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Солардың бірі әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі. Дегенмен қала инфрақұрылымы ол үшін әлі де толық бейімделмеген. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясымен қабылданған «Кедергісіз келешек» жобасы аясында тиянақты жұмыстар кезең –кезеңімен қолға шешімін табатындығын атап өтті.

30 қазан 2020 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 379

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 458

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930