» » » КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК

КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК

«ҚазҒарыш сапары» мекемесінің мәжіліс залында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында I топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және олардың жеке көмекшілерімен кездесу өтті.
Кездесуге Қармақшы аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы З.Метерова, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты А.Дауленбаев, «Жігер» мүгедектерді қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Жүсіп, мүмкіндігі шектеулі жандар және олардың жеке көмекшілері қатысты.
Кездесуде мүгедек жандар басшыларға сауалдарын жолдап, жауаптарын алды. Сұрақтардың дені әлеуметтік такси мәселесі, оңалту орталықтарына немесе шипажайға берілетін жолдаманың аздығы мен қол арбалардың сапасыздығы турасында болды. Жалпы мүгедектерге арналған жиында негізінен олардың ұсыныстары да тыңдалып, көкейтесті мәселелері ортаға салынды. Соңында Қармақшы аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы З.Метерова көтерілген проблемалар бойынша жұмыс жүргізіліп, осы негізінде қойылған барлық сұрақтар мен ұсыныстар негізінде жұмыс жасайтындығын жеткізді.
02 тамыз 2018 ж. 1 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 404
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728