» » Аудан әкімі Мұса Қалдарбековтің санитарлық тазалықты сақтау мақсатындағы үндеуі

Аудан әкімі Мұса Қалдарбековтің санитарлық тазалықты сақтау мақсатындағы үндеуі


ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Біздің ортақ міндетіміз - туған өлкеміздің тазалығын сақтау. Тұрғындардың өз ауласын, көшесін таза ұстауға шақыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Себебі біз бірге ғана өзіміздің өңірімізді жақсарта аламыз.
Ауданымыздың тазалығы, оның көркі мен сәні әрбір тұрғынның өз ауласының тазалығынан басталады.
Тұрғын үй иелері ауласы мен маңайын абаттандыруға өз үлестерін қосуы, келер ұрпаққа тазалықты сақтауда тәлім тәрбие қалыптастырудың бірден бір жолы деп есептейміз.
Осы ретте, әрбір тұрғын өз үй-жайларының айналасын жинастырып, тұрмыстық қалдықты өртеп, басқа қалдықтарды арнайы күл-қоқыс төгетін орынға апарса «Нұр үстіне нұр» болар еді.
«Ауылына қарап азаматын таны» дейді. Сырттан қараған сыншыл көз ауданымызға қызыға қараса мақтаныш емес пе?!
Сондықтан, өскелең ұрпағымыздың дені сау болсын десек, айналамыздың таза тұруына баршамыз атсалысайық.
Тазалығымен ерекшеленген қандайда бір көрініс жанға жылу береді. Жанымызға рахат, көңілімізге шаттық сыйлайды.
Туған өлкемізді гүлдендіріп, көшелерімізді көркейтеміз десек санитарлық тазалықты өзіміздің ауламыздан бастағанымыз жөн. Туған атамекеніміздің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков
16 қазан 2020 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 354
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 127

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930