» » Тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет

Тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет

Апта ішінде аудан әкімі М.Қалдарбеков санитарлық тазалыққа жауапты тиісті сала басшыларымен кентті аралады.
Кентті аралау барысында мекемелердің тазалығын тексеріп, сонымен қатар мөлтек ауданы мен шағын көшелерді арнайы көріп, тиісті саланың жауапты басшыларына тапсырмалар жүктеді.
– Мен әлеуметтік желіге түсетін барлық ақпаратты мұқият қарап отырамын. Тек Жосалы кентінде ғана емес, ауылдық елді мекендерде де санитарлық тазалыққа қатысты түсетін шағымдар аз емес. Ауданды қоқыс пен ластықтан тазалау – бәрімізге ортақ жұмыс. Әрбір мекеме басшысы осы жұмысты бақылауда ұстап отыруы кажет. Жосалы кенті мен елді мекендердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы барлық жауапты тұлғалардың үнемі бақылауында болуы тиіс, – деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.
Бүгінгі күні Жосалы кентіне тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге төгуге тыйым салу, тазалықты сақтау мақсатында 40 бейнекамера қойылды.
Сонымен бірге Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Сыдықов тазалық мекемесімен келісім-шартқа отырмаған жеке сектордағы көпқабатты тұрғын үй иелеріне шара қолданып айыппұл салу міндеттері туралы айтып өтті.
Қорыта айтқанда тазалық бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Деседе тұрғындар осындай игілікті іске атсалысуы қажет екенін естен шығармауы тиіс. Тазалық бірдің емес, мыңның ісі болуы керек.

"Қт" ақпарат

19 қыркүйек 2020 ж. 1 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031