» » Мұғалімнің еңбегі – бала білімімен өлшенеді

Мұғалімнің еңбегі – бала білімімен өлшенеді

Бала шақтан болашаққа жетуге, ақыл-ой түюге ықпал ететін бірден-бір тұлға – ұстаз. Өскелең ұрпақтың терең білімді, жарқын өмірлі болуына ұстаз мол септігін тигізеді. Ұлағатты ұстаздан шәкірттің қашанда үйренері көп, түйері мол. Сондай ұстаздың бірі – Набираш Демеуқызы.
Ол аудандағы Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Әріптестерінің арасында сыйлы, оқушыларының сүйікті ұстазына айналған кейіпкеріміз – Т.Көмекбаев ауылында дүниеге келген. №185 мектепте білім алған. Ұстаз Қызылордадағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық институттың математика факультетін тәмамдайды.
– Бала кезімнен есеп шығаруды жақсы көретінмін. Жалпы ұстаздық жолды таңдауыма мектептегі мұғалімдерім себепкер болды. Оларды әркез көпке үлгі етіп жүремін. Сондай-ақ шәкірттерімнің саналы ұрпақ болып қалыптасуы жолында көрген білгенімді үйретуден тартынып қалған емеспін, – дейді ұлағат иесі.
Расымен, ұстаздың шәкірттері талай додада жеңіске жетіп, есепті "шемішкідей шағатын" математик болып өсіп келеді. Мәселен, Жасмин Серікова, Динара Сәдуақасова, Бексұлтан Шәлтіков, Алтынай Байұзақова, Аяжан Сақандар, Зарина Маратова, Нұрсая Нәбиева мен Аяжан Торыбаева бірқатар математикалық жарыстың жеңімпазы. Аталған шәкірттер аудан, облыс пен республика көлеміндегі олимпиада мен интеллектуалды жарыстарда алдыңғы қатардан көрініп жүр. Ұстаздың қызмет барысында жеткен жетістіктері аз емес. Набираш Жайықбаева "Еңбек жолы" облыстық байқауының "Үздік тәлімгер" дипломының, аудандық білім бөлімі мен облыстық кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасы және "Nur Otan" партиясының алғыс хатының иегері. Одан бөлек, республикалық және облыстық ғылыми-әдістемелік журналдарға түрлі тақырыптағы материалдары жарыққа шыққан. "Оқытуда жаңа инновациялық технологияларды қолдану, оқушылардың шығармашылығын дамыту" атты әдістемелік көмекші құралы баспадан кітапша болып басылған. Алайда, Набираш Демеуқызы үшін өзінің ең үлкен жетістігі – оқушының білім алуға деген құштарлығы. Оған жұмысқа деген ерекше шабыт сыйлайтын да – осы.
Мектеп оқушыларының математика пәніне қызығушылығы, логикалық ойлау қабілеті жоғары болуы ұстаздың мерейін үстем етеді. Математика пәнінің мұғалімі өзінің шәкірттерін әркез мақтан тұтуды естен шығармайды, соның бірі – Шаттық Мықтыбайқызы. Шаттық Төлегенова №26 мектептің түлегі, әлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «география» факультетін тәмамдаған. Қазіргі таңда С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің халықаралық «факультеті деканатында бас маман» болып қызмет етеді.
– Набираш апай бастауыштан кейін біздің сынып жетекшіміз болды. Сол кезден бастап оқу бітіргенше әр оқушыны өз баласындай көріп тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатты. Негізі ұстазымыз өзінің мамандығын сүйетін, білгенін үйретуден шаршамайтын жан. Сол үшін ұстазымызға айтар алғысымыз шексіз, – дейді шәкірті.
Айтпақшы, Ш.Төлегенова Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектепті "Алтын белгіге" тәмамдаған түлек. Ал ол белгінің иегері атануға дейінгі күндерін шәкірт былайша еске алады.
– 11 сыныпқа келген кезімізде мектеп ұжымы мені "Алтын белгіге" ұсынамыз деген шешім қабылдапты. Сол уақыттан бастап Набираш апай әр сынақ тестін тапсырған сайын "Сен жоғары балл алу керексің" деп құлағыма құя берді. Ол сөздерден мен ерекше шабыттанып, одан сайын көп оқуға тырысамын. Бірақ әркез жоғары балл жинап жүрген мен бір күні төмен балл алып қалдым. Содан апайымның "Басқалары жоғары балл алғанда, "Алтын белгіге" үміткер сенің төмен балл жинағаның қалай?" деген сөзінен кейін бір жылап алдым. Бірақ кейін ол сөзден жігерленіп, күндізтүні оқып жүрдім. Ұстазым таңертең де, кешке де мені ҰБТ-ға дайындады. Кейде тіпті үйіне барып оқыған кездер болды. Нәтижесінде еңбек ақталып, "Алтын белгі" иегері атандым, – дейді айтулы мектептің 2011 оқу жылғы түлегі.
Қазір Набираш апайдың талай шәкірті абыройлы қызмет етіп жүр. Ұстаз олардың әрқайсысымен байланысын үзбей, әркез хат-хабар алысып отырады. Олардың жеткен жетістігіне қуанып, өмір жолдарының ашық болуына тілекші.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
03 қазан 2020 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031