» » Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері үміткерлерге сенім артып, өз дауысын берді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері үміткерлерге сенім артып, өз дауысын берді

Жастайынан еліміздің ішкі-сыртқы саясатынан қалам тербеген елге белгілі журналист-дипломат, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уайс жетекші партияның еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық деңгейде партия мүшелері арасында праймериз өткізуі дұрыс шешім екенін айтып, өзі сенім білдірген азаматтарға дауыс берді.
Партия ардагерінің айтынша праймериз – біріншіден партияның өз ішіндегі мықтыларын іріктеуге, екіншіден партиямен ниеттес, өзекті мәселелердің өзегін анықтап, оны өңдей алатын үзеңгілес азаматтарды партия қатарына тартудың бірден-бір құралы.
-Қазір өздеріңіз білесіздер партия тарапынан халықпен кері байланыс арналарын орнатуға ерекше назар аударылуда. Праймериздің ашық өтуі осының бірден бір көрінісі. Мұндай ашықтық партия қатарын шынайы халықшыл азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік береді. Бүгін партия мүшесі, ардагері ретінде мен өз таңдауымды жасадым. Бұл азаматтар еліміздің дамуына, өңірмізді өркендетуге белсенді қызмет атқаратындығына кәміл сенемін,- дейді ол.
Саяси технологиялық тәсілдің негізгі ерекшеліктерінің бірі партия мүшелерінің ашық, әрі жариялы түрде ынтымақты дауыс берулеріне қол жеткізу. Осы орайда дауыс берудің бірінеше жолдары ұсынылған. Партия ардегері үйде отырып, мобильді қосымшаның көмегімен дауыс беру жолын таңдапты.
02 қазан 2020 ж. 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 370

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 449

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930