» » Nur Otan» партияcы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың ішкіпартиялық іріктеу – праймериз өткізудің басталуына орай үндеуі

Nur Otan» партияcы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың ішкіпартиялық іріктеу – праймериз өткізудің басталуына орай үндеуі



Құрметті қызылордалықтар!

«Nur Otan» партияcымен Қазақстанның партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет жалпыреспубликалық масштабта праймериз өткізілуде.

Партияішілік іріктеудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелі және айқын негізде мықты көшбасшыларды анықтау. Бұл үшін нұротандықтар қоғамның сеніміне ие болған беделді партия көшбасшыларын өздері таңдайтын болады.

Өкінішке орай, праймериз коронавирус пандемиясы кезеңімен сәйкес келді. Сондықтан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партияcының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына орай партияның барлық күші коронавируспен күрес жағдайында қолдауға мұқтаж қазақстандықтарға көмекті ұйымдастыруға бағытталып, праймериз жағдайдың тұрақталғанына дейін кейінге қалдырылды.

Осыған орай партияішілік іріктеуге арналған шаралардың басым бөлігін онлайн форматта өткізу тапсырылды. Қазіргі таңдағы жаңа цифрлық мүмкіндіктерді халықтың қарқынды қолдануын ескерсек, онлайн-формат – партияның ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етумен қатар, тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуге де мүмкіндік береді.

Праймериздің бұл басты ерекшелігі – партия басшылығының халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған шараларының жалғасы.

«Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидасын басшылыққа алып отырған праймериз заңды, әділ, ашық, адал да бәсекелік негізде өткізіліп, халықтың өзекті мәселелерін білетін және оларды шешуге қабілетті нағыз көшбасшыларды анықтайтын болады.

Мұнан бөлек, праймериз партияға қатыстылығына қарамастан, үміткерлердің барлығына бірдей қоғамның мүдделерін білдіруге мүмкіндік береді. Түрлі әлеуметтік топтар, әсіресе әйелдер мен жастар үшін бірдей мүмкіндіктер ұсынылған. Жалпы, праймериз өткізу қазіргі заманғы қазақстандық қоғамды үдемелі демократияландыру процесінің айғағы болып табылады.

Барлық шынайы патриоттарды, бастамашыл және жауапкершілігі мол отандастарды аймақ пен елді қарқынды дамыту мен өркендету мақсатында праймеризге белсенді қатысуға шақырамын!
18 тамыз 2020 ж. 575 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031