«Nur Otan»: Қармақшыда праймеризге құжаттар қабылдау басталды
Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары!
«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы ішкіпартиялық іріктеу - праймериз өтетіндігі туралы хабарлайды!
Праймериздің мақсаты – Парламент Мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау.
Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталатын болады.
Егер Сіз өңіріміздің тағдырына немқұрайлы болмасаңыз және Сіз оны жақсартқыңыз келсе – праймеризге қатысуға шақырамыз!
Іріктеуге жасы 20-дан асқан, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Праймеризге қатысуға тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар, партиялық емес, бірақ «Nur Otan» партиясына мүше болғысы келетіндер де қатыса алады.
Праймеризге қалай қатысуға болады?
1 қадам. Егер партия мүшесі болмасаңыз, «Nur Otan» партиясына кіру;
2 қадам. «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелу. Тіркеуді primaries.kz сілтемесі арқылы немесе Google Play және App Store-дан жүктеп алуға қолжетімді «Primaries» мобильді қосымшасы арқылы өтуге де болады;
3 қадам. Өтініш беру және қажетті құжаттарды сайтқа немесе қосымша арқылы жүктеу;
4 қадам. Өзінің онлайн өтінімін растау үшін үміткер аумақтық ұйымдастыру комитетіне жеке өзі келуі тиіс.
Сондай-ақ, өтінімді Қармақшы аудандық партия филиалы (ұйымдастыру комитеті) Жосалы кенті, Амангелді көшесі №6 мекен-жайы бойынша жеке ұсынуға болады:
Байланыс телефондары: 8 (72437) 2 22 92
Өтінімдер 2020 жылғы 17 тамыздың 9.00-ден 28 тамыздың 18:00-ге дейін қабылданады.