» » Науқастарға жағдай жасалады

Науқастарға жағдай жасалады


Биылғы жылы әлемді отша ораған індеттің ыстық ұшқыны біздің елге де келді. Аяқ асты пайда болған дертке алғашында тосырқап қарап, біраз уайымдап, одан қалды қорқынышқа қалдық. Дегенмен, аурумен күрес кезінде халықтың үміт артатыны – медицина саласы. Наурыз айынан бастап кешегі күнге дейін үздіксіз аурумен күрестік. Басқа аймақтағы әріптестеріміз әлі де індетпен арпалысып жатыр. Жасаған еңбектің қайтарымы болды.

Мемлекет басшысы мінбеде тұрып бүкіл Үкімет басшылары мен депутаттар алдында алғысын айтқанда, төбеміз көкке жетті. Одан қалды пандемия кезінде мемлекет тарапынан бөлінген жәрдемақыға ие болдық. Мұның барлығы біз үшін үлкен мәртебе. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте қазақстандықтарға Жолдауын жолдады. Онда эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог сияқты сирек мамандық иелерін даярлау мәселесін көтерді. Бұл өте оңтайлы тапсырма. Себебі пандемия дәл осы дәрігер-мамандардың аздығын, олардың аса қажет екенін көрсетті. Өйткені, бұл індет ДДСҰ мәліметінше, әлемде 2 жылға дейін жойылмау қаупі бар дегенді айтуда. Сондықтан осы салада оқып жатқан студенттерге тек мықты білім алып шығуларына тілектеспін. Әлем денсаулығы – дәрігерлердің қолында. Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласына берген тапсырмалары жадымызда. «2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі» деді. Бұл дегеніміз – жұмыссыздық азаяды, науқастарға жағдай жасалады, басқа өңірлерде әріптестік қарым-қатынас орнатылып, тәжірибе алмасу дәрежесі артады деген сөз.

Айнұр ЖАҚЫПОВА,
Байқоңыр қалалық көпбейінді
ауруханасының
дәрігер-эпидемиологы
26 қыркүйек 2020 ж. 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930