» » Мемлекеттік қолдаудың септігі мол

Мемлекеттік қолдаудың септігі мол

Бұл індет әлем жұртына оңай тимеді. Вирус тек қана адам шығынын алып келген жоқ. Оның әсерінен экономика құлдырап, көптеген жан жұмыссыз қалды. Елімізде карантин уақыты тағы екі аптаға созылды. Себебі елдегі ахуал әлі тұрақталған жоқ. Осы ретте мемлекет қазақстандықтарға үшінші мәрте 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақы төлемек.
Бұл – мемлекет тарапынан жасалған оң шешім. Себебі індеттің залалы халыққа ауыр тигені рас. Жұмысы тоқтап, отбасылық кіріссіз қалғандар қатары көп. Енді олар бұл көмекті оңтайлы пайдаланып, қажетіне жаратпақ. Бастысы – көмекке тек шын мұқтаж жандар қол жеткізеді. Өйткені енді жұмыссыз қалғандар жайлы ақпаратты жұмыс беруші беретін болады.
Десе де маңдай термен, еңбектеніп тапқанға ештеңе жетпейді. Ал ол күнге жету үшін карантин талаптарын қатаң сақтап, індеттің алдын алу қажет. Қазіргідей күрделі кезеңде мемелекет ешкімді қиындықта қалдырмаудың қамын істеуде. Азық-түлік тапшылығын болдырмау мақсатында тауарлар бағасын бақылауда ұстап отыр. Осындай жағдайларды ескере отырып, біз де қолдау көрсетуіміз керек. Карантин уақытында үйде отырғандарды сабырға шақырып, көбі кетіп, азы қалғанын айтқым келеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жауапты сала басшыларына нықтап тапсырма берді. Оның ішінде еліміздің медицина, білім және ғылым саласын дамыту бар. Бұл шешім мемлекеттің әлеуетін арттырып, халық үшін бірнеше мүмкіндік әкелетіні сөзсіз.
Еркін АТАБАЕВ,
ардагер ұстаз
21 шілде 2020 ж. 755 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031