» » Жарқын істер – жастар қолында

Жарқын істер – жастар қолында


12 тамыз – Халықаралық жастар күні бекітілген талапқа сай ауданда өз деңгейінде аталып өтті. Жыл басынан бері бірнеше рет еріктілердің басын қосып, жақсы бастама көтерген жастарды аудан әкімі Мұса Қалдарбеков Facebook желісі арқылы құттықтады. Жастарға зор сенім артып, әркез қолдау білдіретін аудан басшысы айтулы мерекеде жастар саясатын дамытуға зор үлес қосқандарға алғыс хат тапсырды. Белсенділердің мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы үшін жұмыс істей беретініне сенім білдірді.
«Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тізгінін жақында ғана белсенді жас, белгілі азамат Берік Байділдаев ұстаған. Салаға жаңа басшы әдетте жаңа бастама әкелері сөзсіз. Оған дәлел – орталықтың санаулы күн ішінде бірнеше шара ұйымдастыруы. Халықаралық жастар күніне арнап «Guitar time» апталығын өткізді. «2020 жылдың танымал әндері» фестивалі орталықтың ресми әлеуметтік желі парақшаларында шырқалды. Ауданның белсенді жасы Яхия Саулет бар өнерін бір апта бойы ортаға салды.

Сонымен қатар, «Photo байқау» ұйымдастырылды. Байқауға 14 пен 29 аралығындағы 20 жас қатысты. Байқаудың қорытындысы қатысушы суретінің астына жиналған пікір мен лүпілдердің қосындысы нәтижесінде шықты. Жүлделі І орынды Фариза Коммунаева, ІІ орынды Мәншүк Мырзабекова және ІІІ орынды Ұлпан Абдуллаева жеңіп алды.
«Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Қармақшы жастары» ҚБ біріге ұйымдастыруымен де тағылымды шаралар көрініс тапты. Абай күніне арналған «Хәкім Абай» бейнебайқауы бойынша І орынды Ринат Темірханов, ІІ орынды Назерке Бекматова және ІІІ орынды Нұржаухар Өмірсерікова жеңіп алды. «Ұлттық аспаптарда онлайн өнер көрсету» байқауына ауданның 14-29 жастағы жастары қатысты. Байқау комиссиясы жеңімпаздарды дауыс беру арқылы анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Ақсұңқар Бүркітбай, ІІ орынды Дидар Сағат және ІІІ орынды Айдын Тұңғышбай жеңіп алды. Ал «Мен елімнің патриотымын» атты онлайн шығарма байқауында І орынды әріптесіміз, «Қармақшы таңы» газетінің бөлім меңгерушісі Айнұр Әли, ІІ орынды жас тілші Аслан Нұразғали жеңіп алса, ІІІ орынды Назерке Бекматова олжалады. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, Қармақшының ерікті жастары «Birgemiz»: «Taza Qazaqstan» республикалық жалпыұлттық акциясын қолдады. Еріктілер Сырдария өзенінің жағасын күл-қоқыстан тазартты.
Аудандық жастар ресурстық орталығы аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, топтық төбелестің алдын алу үшін түнгі рейд жұмысын жүргізді. Мұндай игі істер әлі де жалғасын тауып, оған ерікті жастар көбірек жұмылатын болады.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
18 тамыз 2020 ж. 732 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 355

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930