» » Жылыту пешіңіз қысқа дайын ба?

Жылыту пешіңіз қысқа дайын ба?


Қазіргі жаздың шуақты күндерін тиімді пайдаланып үйлерімізге жөндеу жұмыстарын жүргізетін мезгіл. «шанаңды- жазда, арбаңды-қыста сайла» деген халықтың даналық сөзін жылыту пештеріне де қатысты айтуға болады. Осы мезгілде тұрмыстық пештерімізге назар аударып моржаларын тазалау немесе жөндеу кезінде тиісті шараларды атқарған жөн. Осы оқиғалардың негізгі себептері тұрмыстық пешті пайдалану кезінде аңғалдық таныту, немесе пештің дұрыс салынбауы (ағаш еден үстіне салынуы, жанғыщ қабырғаға тақалып салынуы, моржа мен төбе жабыны арасында арақашықтық сақталмауы) секілді.
Сондықтан тұрмыстық пештерге қатысты келесі ереже талаптары ұсынылады:
1.Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, мұржалары және басқа элементтері тікелей жылу беру маусымының алдында, сондай-ақ жылу беру маусымы ішінде кемінде:
1.1 Үш айда бір рет – жылыту пештері үшін;
1.2 Екі айда бір рет – үздіксіз от жағылатын пештер мен ошақтар үшін тазартылады.
1.3Ысырмаларды (жаппаларды) жобалау нормаларында көзделген ойықтарсыз қолдануға;
2.Ақаулары, сызаттары мен саңылаулары бар пештерді жағуға жол берілмейді.
3.Металл мұржа терезе арқылы шығарылған кезде оған бөлгішті алмастыратын, мөлшері мұржаның үш диаметрінен кем болмайтын жабындық темірден жасалған қабат қойылады.
3.1 Мұржаның ұшы ғимарат қабырғасының сыртынан кемінде 0,7 м орнатылады, биіктігі 0,5 м келтеқұбырмен жоғары қарай бағытталады.
3.2 Жоғарғы қабаттың терезесінен шығарылған түтікше ернеуден кемінде 1 м шығып тұрады. түтікшеге қақпақ орнатылады
4. Металл пештерді орнату кезінде мынадай өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі:
4.1 Металл пештер биіктігі кемінде 0,2 м табандармен қамтамасыз етіледі;
4.2 Металл пештер кемінде мынадай қашықтықта орнатылады:
4.3 Ағаш конструкциялардан, жиһаздан, тауарлардан, стеллаждардан, сөрелерден, сатушы үстелдерінен және басқа жабдықтардан – 1 м;
4.4 Жанудан қорғалған конструкциялардан – 0,7 м;
4.5 Оттық саңылауларынан бастап ағаш конструкциялар мен басқа жабдықтарға дейін – 1,25 м.
Жоғарыда көрсетілген норма талаптарын орындамай өрттің туындауына себепкер болған тұлғаларға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410 бабы бойынша әкімшілік шаралар қолданылады.
Сол себепті жоғарыда көрсетілген ереже талаптарын орындап тұрмыстық пештеріңіздің қыс маусымына әзірлігін тексеріп немесе жаңадан салынатын пешті білікті мамандарға салдырғандарыңыз өздеріңіз бен жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығына және дүние мүліктеріңізді өрттен қорғауға бірден бір себебі болар еді
Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар!

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
31 шілде 2020 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 353

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 434

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930