» » Ерікті іс деп осыны айт

Ерікті іс деп осыны айт

Қайырымды қасиеті қанға сіңген халқымыз қай кезде де ізгілікті істен қол үзбеген. Биылғы Еріктілер жылы және әлемді алаңдатқан індетке байланысты атқарылып жатқан жұмыстардан қоғамның мейірімсіз емес екенін ұққандаймыз. Жасаған ісіне қайырым күтпейтін, еңбегіне ақы сұрамайтын еріктілер ел ішінде көп-ақ. Еріктілердің ерлік істеріне ел басына күн туған қазіргідей қиын сәтте әр күн сайын куә болудамыз. Дарқандығына көңіл тойып, жомарттығына сүйсінеміз. Риясыз көңіліне ризашылық білдіреміз.
Елдегі аты жаман індет өршіп тұрса да, өз еркімен ақысыз қызмет етіп, өзгелердің амандығы үшін басын қатерге тігіп жүргендерді ер демеске болмайды. Ауданымызда да еріктілігімен үлгі болып жүрген жандар жетерлік. Алайда оларға мақтаншақтық, жақсылық ісін жария ету тән емес. Еріктілердің еңбегін жазбаққа кейіпкерімізбен хабарластық. Алғашқы сөзі «менен не көмек» болды. Жүрегіміз жылып, тезірек газет бетіне жазып, өзгеге насихаттауға құлшындық. Ал мәселенің мәнін білгенде кейіпкеріміз жасаған жақсылығын міндетсінбейтінін, жариялылықты жаны сүймейтінін айтып қарсы болды. Дегенмен, біз де мақтан үшін емес, адам үшін еңбек етіп жүрген нағыз еріктілерді елге үлгі еткіміз келді.
Бүгінгі дертке дәру болар заттың бірі – кислород. Оны баллонмен тасу да, алып жүру де оңай емес. Десе де аймақтың адал жігіттері бұл індетпен күресуде барын салуда. Солардың бірі – Мұқан Балабаев пен Нұртөре Сағилатов. Мұқан – ветеринарлық стансада дәрігер. Олар камаз көлігімен күн-түн демей баллондарды қажетті жеріне жеткізіп беруде. Інісі екеуі қай уақытта болсын көмек қолын созуға даяр.
– Деніміз сау, он екі мүшеміз аман. Ел сыналар қиын уақыт туғанда қалайша үнсіз қаламыз? Мұқтаждарға қолымыздан келген көмекті бермеу азаматтығымызға сын. Сол себепті де ерікті болуды ерлік деп санамаймын. Бұл – әрбір адамның азаматтық борышы деп есептеймін, – дейді ерікті М.Балабаев.
Сондай-ақ, ол баллонды көліктен түсіріп, аурухана ішіне кіргізуге де қаншама күш керек. Біреуі 90 келі болатын баллонды көтеріп жүруде оңай емес. Оған Батыржан Қуанышов есімді ерікті елу шақты жігітті ұйымдастырып, уақытпен санаспай қол көмегін беруде.
Еріктілердің бойындағы қайрат-жігер елім деген әрбір азаматты ынталандыруы тиіс. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ізгілікті істердің үдерісі осындай жандардың арқасында өміршең.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ








21 шілде 2020 ж. 1 267 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 351

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 432

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930