» » Еріктілер жылынан не күтеміз?

Еріктілер жылынан не күтеміз?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Мамыр айында Қостанай қаласында өткен Қазақстан мен Ресей жастарының ынтымақтастық форумында Қазақстандағы «Ұлттық еріктілер желісі» ұйымының төрайымы Вера Ким 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Оның айтуынша, елде 200-ден астам волонтерлік ұйым тіркелген. Бұл адамдардың өзгеге жақсылық істеп, көмек көрсетуге немқұрайлы қарамайтынының көрінісі емес пе?! Иә, бұл ұсыныс мемлекет басшысы тарапынан қолдау тауып 2020 жыл еріктілер жылына арнағалы отыр. Осыған орай «Біздің елде еріктілік қаншалықты дамыған, еріктілер жылында не істеу керек?» деген сұрақтар туындайды.
Ең әуелі еріктілік дегеніміз не, соған тоқталсақ. Еріктілік – адамның өз еркімен ақысыз көмек көрсетуі. Кей елдерде еріктілік жұмыс санатына қосылады. Өйткені ол өзінің арнайы уақытын бөліп, күш-жігерін жұмсап тегін жұмыс істейді. Еріктілікпен айналысамын деген жан уақыт пен жұмыс түрін талғамайды. Оның белгілі ұйымдар арқылы не болмаса арнайы топтармен жеке де айналысуына болады. Еріктілік қызмет қоғамның қай саласында болмасын жүргізіле береді. Рас, қоғамда олардың орны ерекше. Себебі еріктілер істеген жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Керісінше көмек көрсетуді парыз деп есептейді.
Әлемде еріктілердің 60-70 проценті дамушы елдің, 33 проценті дамыған елдің азаматтары. Қазіргі таңда еліміздегі еріктілер өзге елдерге барып жатса, шетелден де Қазақстанға келушілердің де саны көп.
2017 жылы «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі жастарды жаппай еріктілік қызметке тарту ісін бастап берді. Ал биыл Қазақстандағы волонтерлікті дамытудың жаңа кезеңі болады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен болатын.
–Жас ұрпаққа бірнеше ұсыныс жасамақпын. Солардың бірі – волонтерлар қозғалысын дамыту. Біріншіден, ерікті жастарды кешенді түрде қолдау шараларын бекіту қажет. «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауды ұсынамын. Бұл сыйақы екі елдің үздік волонтерлік жобаларына тапсырылады. Осы арқылы олардың белсенділігін арттыруға жағдай жасаймыз, – деген болатын мемлекет басшысы.
Еліміздегі «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының 2018 жылғы зерттеуіне сәйкес, жас азаматтардың 82,6 проценті еріктілікпен айналыспайды. Қазақстандағы әр бесінші жас еріктілік туралы ешқашан естімегенін айтады. Дей тұра жастар еріктіліктің тұлғалық қалыптасудағы рөлін түсіне бастағандай. Айталық, 2017 жылы өткізілген Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі, Қысқы Универсиада ойындарында қызмет көрсеткен 8000-нан астам жастардың қамтылуы жастардың еріктілік қызметке бет бұрғанының көрінісі. Сонымен қатар еліміздің әр өңірінде қарттар, жетімдер, әлеуметтік осал топтар, көмек қажет ететін қоғам мүшелеріне қол ұшын созатын жастар ұйымдарының саны жыл сайын артып келеді.
Әлеуметтік еріктілік жастар арасындағы өзекті бағыттың бірі. Осы бағытта жастар белсенді жұмыс істеп келеді. Мәселен Арыс қаласында орын алған оқиғадан зардап шеккендерге еліміздің әр түкпіріндегі жастардың бірігіп көмек көрсетуі көңіл қуантады. Бұл бағытта еңбек ететін адамның жасы, жынысы, білімі немесе қаржылық жағдайы маңызды емес. Ең бастысы – ниет пен қолдан келетін іспен көмектесу.
Жастар арасында кең тараған бағыттың тағы бірі – спорттық еріктілік. Соңғы жылдары елімізде әр түрлі марафондар, әлемдік чемпионаттар жиі өткізіліп, бұл бағыттың дамуына септігін тигізіп келеді. Халықаралық спорттық шараларда ерікті болу үшін шет тілдерін біліп, ашық, сыпайы болу қажет. Сонымен қатар, спорт түрлерінің ерекшелігін білген дұрыс.
Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, өзгелерге көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді.
ТҮЙІН
2020 жыл еріктілікке білек сыбана кірісетін жас буын үшін жаңалығымен келеді. Ендеше, келесі еріктілік қызметке бел шеше кірісетін жастар үшін жарқын болашаққа жасалатын оң қадамдардың қатарын толықтырып, бәсекеге қабілетті маман болуда тың серпіліс беретіндігіне сенім білдіреміз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ


17 қыркүйек 2019 ж. 2 980 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031