» » ҚАРТТАРҒА КІТАП СЫЙЛА

ҚАРТТАРҒА КІТАП СЫЙЛА

Кітаптың құндылығы оқырманның бойына рухани азық қалдыруында. Осы орайда, 23 сәуір бүкіләлемдік кітап күні болып белгіленген. Биыл 23 рет аталып өтетін бұл аталмыш күнде, қызылордалық жастар да өз үлестерін қосты. «Жылы Жүрек» жастар еріктілер тобы қаламыздағы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне 171 кітап сыйға берді. Жастардың негізгі мақсаты қарттардың бос уақытын тиімді пайдалануға аз да болса өз үлестерін қосып, өзге де қала тұрғындарын осы акцияға белсене қатысуға шақыру болатын.

  Гүлсезім Саматқызы, ерікті:
  -Біздің бұл алғашқы ұйымдастырып отырған шарамыз емес. Осыған дейін де қала тұрғындарымен бірге бірнеше акциялар ұйымдастырдық. Міне, бүгін бүкіләлемдік кітап күнінде де жастар белсенділік танытты. Жалпы кітап жинауды 6 сәуірден бастадық. "Жылы Жүрек" жастар еріктілер тобының атынан арнайы 11 кітап табыстадық. Көмек қолын созып, көмек көрсеткендер көп болды. Біз үшін қала тұрғындарының қайырымдылықты жарыса жасайтындығы қуантады.
Еріктілер қарттарға тек кітап сылаумен шектеліп қана қоймай, салтанатты концерттік бағдарламамен жалғады. Осы топтың жетекшісі Сағатбек Қуанышбайұлы құттықтау сөзін сөйлесе, жастар қарттардың көңілін бір серпілтіп қайтты. Жүректері жылылыққа толы жастар алдағы уақытта да осындай шаралардың өз жалғасын табатындығын атап өтті.     

23 сәуір 2018 ж. 2 065 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 185

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 302

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930