» » ҰБТ: Ұпай қандай?

ҰБТ: Ұпай қандай?

Әне-міне дегенше өткен аптада Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші легі өте шықты. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, түлектердің білімін саралайтын сәт өз шегіне жетті. Аудан бойынша 511 бітіруші түлектің соңғысы болып 231-і Ақай ауылындағы ҰБТӨП-тің №857 филиалында тестілеуден өтті. Тест тапсыру мұнда да карантин талабына сай жүргізілді.
Жалпы тестілеуден жинаған ұпайымыз жаман емес. Түлектер сынақты ойдағыдай тапсырып, жақсы көрсеткіш көрсетті. Соңғы нәтиже бойынша айымыз оңынан туып, үмітіміз ақталды. Атап айтсақ, Байқоңыр қаласындағы №275 мектептің оқушысы Аяжан Маратқызы 127 балл жинап,мерейімізді көтерді. Бүгінде ол мектебінің «Үздік аттестат» иегері. Оның таңдау пәні – физика және математика. Өзіне сенімді Аяжан болашақта ІТ саласының маманы атануды қалайды.
Газетіміздің өткен санында ҰБТ тапсыруда жоғары балға қол жеткізген екі оқушыны тілге тиек етіп, сүйінші сұраған едік. Кенттің екі мектебінің атын шығарған қос қарлығашқа бүгін жеке тоқталуды жөн көрдік. Сонымен ең жоғары 128 балға қол жеткізген №250 мектеп-лицейінің оқушысы Әлия Қадырқызы. Ол бұл сында аса қобалжу болмағанын айтып ағынан жарылды.
– Шынымды айтсам ҰБТ-ның нәтижесі шығып, шешімін білгенше менде ешқандай қобалжу болмады. Ең бірінші аудиторияға кіргеннен өзімді барлық жағынан еркін ұстадым. Бойымдағы үрейді сейілтіп, осыған дейін дайындалған бар біліміме сендім. Әрбір сұраққа байыппен қарағасын жауаптары да аса қиынға соқпады. Дені дайындық кезінде кездескен сұрақтар. Бәрінен бұрын уақытымды тиімді пайдалануға тырыстым. Соңғы қорытынды нәтижесін естігенде кішкене «әттеген-ай» деген жерім болды. Себебі екі жыл тынбай оқып, бар ойымды тестке арнағанда жинаған балым аз болып көрінді. Бұдан да жоғары балл аламын деп үміттенген едім. Бұйырғаны осы шығар. Ұстаздарыма алғысым шексіз, – дейді «Алтын белгі» иегері.
Болашағына мақсат қоя білген Ә.Қадырқызы үнемі қолдау көрсетіп отыратын ата-анасы мен ұстаздарының үмітін ақтап шықты. Оның бүгінде таңдау пәні биология-химия. Алдағы уақытта медицинаны таңдап, білікті дәрігер болғанды қалайды.
Жоғары балға қол жеткізген екінші кейіпкеріміз Айдана Шанахаева. Ол №121 мектептің түлегі, «Үздік аттестат» иегері. Оның мектеп қабырғасында жеткен жетістіктері аз емес. Түрлі жарысқа қатысып жүлделі орыннан көрініп жүрді. Ұлттық бірыңғай тестілеуде таңдаған
пәні – ағылшын тілі мен дүниежүзі тарихы. Болашақта халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білімімді шыңдасам деген арманы бар. Үнемі ізденіс үстінде жүретін шәкірт, өткен тестілеудің қиынға соқпағанын айтады.
– ҰБТ-ға дейінгі неше жылғы қобалжуымды бір күнде жеңдім. Өйткені қорқыныш басым болған жерде ештеңе шеше алмайсың. Оған сабырмен қарадым. Өзіме сендім. Осы кезге дейінгі дайындығымды іске қостым. Міне, соның арқасында сұрақтар қиындық туғызған жоқ. Керісінше жауаптарды қуанып отырып белгіледім. Мектепте тестке дейінгі сынақтарда 120-130 балл жинап жүрдім. Соны кешегі тестілеуде де дәлелдеп, 127 балды еңсердім, – дейді ол қуанышымен бөлісіп.
Бала шәкірт жүректегі лүпілін жеткізе отырып, 11 жыл білім берген ұстаздарына, баласы бәйгеге шапса тақым қысып әркез тілекші болып демеу көрсеткен ата-анасына алғысын білдіруде.
Талабы таудай түлектердің ҰБТ-дан жинаған көрсеткіші бүгінде ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Себебі олар мектеп қабырғасына тарыдай болып кіріп, таудай жинаған білімінің алғашқы биік шыңын бағындырды. Алдағы уақытта өздері таңдаған мамандықтың иесі болсын, деген тілегіміз бар.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
08 шілде 2020 ж. 633 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031