» » ҰБТ: жоғары балл – 128

ҰБТ: жоғары балл – 128

Бұл ҰБТ бұрынғыдан өзгерек. Айтайын дегеніміз, түлектер тапсыратын тестке пәлендей жаңалық еніп, жағдайды қиындатқан жоқ. Бәрі қаз қалпында. Тек әлемді жайлаған індет тест тапсырудың талаптарына үлкен өзгеріс әкелді. Бұған дейінгідей мектеп алдында көңілдері алып ұшып, жүректері дүрсіл қаққан оқушы көрінбейді. Баласына сәттілік тілеп, күннің көлеңкесін паналап, ұл-қызын ұзақ күткен ата-ата, оқушысына он бір жыл білім беріп, енді соның нәтижесіне алаңдаған ұстаздар. Бәрі мектеп маңының ту сыртында қалды. Міне, карантиннің қатал талабы осындай.
Биыл аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тестке қатысуға 511 бітіруші түлек өтініш берген. 23-24 маусымда Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейінде орналасқан ҰБТӨП-тің №779 филиалында өткен тестілеуге 277 оқушы қатысып бағын сынады. Үш оқушы өз өтініштері бойынша сынақ тапсырудан бас тартқан.
ҰБТ тапсыру пандемия талабына сай жүргізілді. Талапкердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық жағдай жасалды. Мұнда әр түлек мектепке кірерде арақашықтықты сақтап, белгіленген сызық бойынша жүріп отырды. Арнайы дезинфекциялық тоннельден өтіп, дене қызуы өлшенді. Кіре берісте ауыстырып отыратын екі жаңа бетперде берілді.
Одан бөлек тестілеуге кіру кезінде әр оқушы қосымша тексерістен өткізілді. Олардан тыйым салынған заттар, яғни ұялы телефон, смарт сағат, сымды және сымсыз құлаққап және тағы басқа байланыс құралы арнайы металліздегіш аппараты арқылы тексерілді. Тексеріс кезінде талап бұзушылық орын алған жоқ. Көңілдері алабұртқан түлектер міне осылайша өз аудиторияларына жайғастырылды.
Иә, айтса айтқандай тәртіп қатал. Аудиториялар толығымен залалсыздандырылған. Түлектер әр партаға жеке отырғызылып, арақашықтық қамтамасыз етілген. Бәрі бейне бақылауда. Ұялы телефон байланысын бұғаттайтын құрылғыға дейін жабдықталған. Мұнда тек әрбір оқушы өз біліміне сеніп, сынағын тапсырып шығады.
Екі күндік тестілеудің қорытынды нәтижесінде ауданның екі түлегі жоғары балға қол жеткізді. Олар №250 мектеп-лицейінің оқушысы «Алтын белгі» иегері Әлия Қадырқызы 128 балды қанжығаласа, ал №121 мектептің түлегі «Үздік аттестат» иесі Айдана Арзабекқызы Шанахаева 127 балл жинап, аудан мерейін көтерді. «Қуанышты бөліссең көбейеді» деген бар. Өздеріңізден сүйінші сұрап отырған жайымыз ғой. Алда 28-29 маусым күні Ақай ауылындағы ҰБТӨП-тің №857 филиалында 231 түлек тестілеуден өтеді. Бәлкім, бұл сынақтан да жоғары нәтижеге қол жеткізіп қалармыз. Біздікі үміт...

Ерсін СӘДУҰЛЫ

27 маусым 2020 ж. 970 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031