» » Түлектер ертең ҰБТ сынағын тапсырады

Түлектер ертең ҰБТ сынағын тапсырады

Биылғы оқу жылында ауданда жалпы білім беретін орта мектепті  484 оқушы бітірді. Қазіргі таңда 484 бітірушіден 413 оқушы ҰБТ-ға қатысады деп күтілуде. Дайындық жыл басынан жүйелі ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, байқау сынағының нәтижесі қаңтар айында – 78 балл, ақпан айында – 82,4 балл, наурыз айында – 79,3 балл, сәуір айында – 81,1 балл болып отыр. Қазіргі таңда 26 бітіруші – «Алтын белгіге», 17 бітіруші – «Үздік аттестат» иесі.
Жаңа қағида бойынша ҰБТ жылына төрт рет ұйым­дастырылады. 15-20 қаңтар, 24-29 наурыз және 17-20 тамызда тестке қатысушы ақылы бөлімге түсетіндер және басқа мамандыққа ауысатындар  үшін болса, 20 маусым – 5 шілде  аралығында ағымдағы жылы және өткен жылғы мектеп, колледж бітіруші түлектері үшін тегін және гранттық оқу жүйесіне түсу үшін өткізіледі.
Мектеп бітірушіден ҰБТ-ға қа­тысуға өтініш 10 наурыз – 10 мамыр аралығында қабылданып, ал өткізу 20 маусым мен 5 шілде ара­лығында ҰТО арқылы ақысыз ұйымдастырылады. ҰБТ форма­ты бойынша 5 пән. Оның үшеуі міндетті және талапкердің маман­дығына байланысты бейіні бойынша 2 пән таңдайды. 
Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге толықтырулар енгізілгенімен оның форматы өзгермейді. Яки бұрынғыдай 5 пәннен 120 сұрақ, ал максималды балл саны – 140.
Айта кеткен жөн болар, үстіміздегі жылы 18-20 қаңтар аралығында ҰБТ өткізудің 74 пункті базасында тестілеу жүргізілді. ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды қабылдау бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы былтыр 1-15 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Нәтижесінде, тестілеуге қатысуға 35 838 адам өтініш білдірген. Ал ауданда білім бөлімінің берген мәліметінше 485 бітірушінің 370-і қатысып, білімін сарапқа салған. Сондай-ақ, тестілеуге қатысуға ниет білдірген талапкер 2242 теңге төлеп, бағын сынай алады.
Бұл сынақ өткен сынақтан өзгерек. Алайда жақсы көрсеткішке жету үшін дөңгеленген дүниеде сыннан өту көбеймек. Әрине, бұл оқуға түскісі келетін жандарға берілген үлкен мүмкіндік. Иә, ертең оқушылар үшін үлкен сынақ. Түлектердің 11-жылдық білімін тексерер бәйге ҰБТ ертең басталады.

ҚТ ақпарат
20 маусым 2019 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930