» » БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ БӘСІМІЗ ҚАЛАЙ?

БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ БӘСІМІЗ ҚАЛАЙ?

Міне, тағы бір оқу жылы қол бұлғап артта қалды. Кейбірі үшін бұл кезекті жазғы демалыстың бастауы болса, мектеп түлектері үшін ұмытылмас сәт. Кеше ғана мектепке тарыдай болып кірген балақайлардың бойы өсіп, ой өрісі де кеңейген, ақылы толысқан. Мектеп өміріндегі қызықты сәттерін енді олар сағына еске алады. Білім нәрімен сусындатқан ұстаздардың ерен еңбегіне ризашылығын білдіреді.
Биылғы оқу жылында ауданда жалпы білім беретін орта мектепті  484 оқушы бітіреді. Қазіргі таңда 484 бітірушіден 413 оқушы ҰБТ-ға қатысады деп күтілуде. Дайындық жыл басынан жүйелі ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, байқау сынағының нәтижесі қаңтар айында – 78 балл, ақпан айында – 82,4 балл, наурыз айында – 79,3 балл, сәуір айында – 81,1 балл болып отыр. Қазіргі таңда 26 бітіруші – «Алтын белгіге», 17 бітіруші – «Үздік аттестатқа» үміткер.
Жаңа қағида бойынша ҰБТ жылына төрт рет ұйым­дастырылады. 15-20 қаңтар, 24-29 наурыз және 17-20 тамызда тестке қатысушы ақылы бөлімге түсетіндер және басқа мамандыққа ауысатындар  үшін болса, 20 маусым – 5 шілде  аралығында ағымдағы жылы және өткен жылғы мектеп, колледж бітіруші түлектері үшін тегін және гранттық оқу жүйесіне түсу үшін өткізіледі.
Мектеп бітірушіден ҰБТ-ға қа­тысуға өтініш 10 наурыз – 10 мамыр аралығында қабылданып, ал өткізу 20 маусым мен 5 шілде ара­лығында ҰТО арқылы ақысыз ұйымдастырылады. ҰБТ форма­ты бойынша 5 пән. Оның үшеуі міндетті және талапкердің маман­дығына байланысты бейіні бойынша 2 пән таңдайды. 
ҰБТ сынағынан соң жылда дәстүрге айналған мектеп бі­ті­ру­ші түлектердің банкет кеші бар. Мектеп бітіру кешінің әр оқу­шы мен ата-ана үшін орны бөлек. Әрине, ұрпағының алдында қа­шанда жауапкершілікті сезінетін ата-анаға  перзентінің мектеп бі­тірердегі "соңғы қоңырауынан" бас­тап, бітіру кешіне дейін қата­рынан қалмай қатыстыру оңайға соқпайтыны, қалтаға салмақ салатыны да бар. Соңғы қоңырауда мектеп түлектерінің киімі, бітіру кеші алдында серуендейтін кортеж, банкет бәрі түптеп келгенде қалта қағатын қаражатқа тіреледі. 
Дегенмен, бес саусақ бірдей емес. Бірінің жағдайы келсе, екін­шісінікі келіңкіремейді. Әйтеуір баламның жүзі сынық болмасын, қатарынан қалмасын деген оймен қарызданып болса да қаражат тауып береді. Сонымен біркүндік кешке қыруар ақша жұмсалады. Оған жүрегі алып ұшқан жас түлектің қауіпсіздігін тағы қосыңыз.
Ал биыл ҚР Білім және ғылым ми­нистрі Күләш Шамшидинова осы мәселеге оңтайлы пікір айтқан еді.
– Бұл мәселе жыл сайын кө­теріледі. Бұрыннан келе жатқан жақсы бір дәстүр бар: түлектердің кештері мектеп аумағында өтеді. Онда мұғалім мен оқушы, түлектер арасында шынайы, емен-жарқын әңгіме болады. Бірақ, өкінішке қа­рай, соңғы кезде мектеп бітіру кештері бәсекеге айналды, – деген болатын білім және ғылым министрі үкімет үйінде өткен бас­пасөз мәслихатында.
Министр сөзі еленбей қалған жоқ. Қазір еліміздің барлық өңірлерінде 11-сынып оқушылары бітіру кеші мен серуен кортежінен өз еріктерімен бас тартып оны әлеуметтік желіге жүктеп,  өзде­рінен кейінгі сыныптарға эстафета есебінде жолдап жатыр. Біздің аудан мектептері де бұл эстафетаны қолдауда. Мәселен ауданға қарасты барлық мектеп түлектері осы бітіру кешінен өз еріктерімен бас тартып бейне түсіруде.
– Иә, бұл істі қолдаймын. Қыз бала болған соң көйлегіміздің өзі қымбат тұрады. Бет әрлеп, шаш үлгісін де жасатуға тура келеді. Бұл ата-ананың қалтасына да үлкен салмақ түсіреді. Олардың күні-түні еңбек етіп тапқан ақ­шасын босқа шашқан есеп боламыз ғой. Сондықтан барлық аудан мектебінің оқушыларын осы эстафетаға қатысуға шақырамын, – дейді 11-сынып оқушысы Айдана Рахметова.
Түйін.
Міне, жастар жылында мектеп түлектері осындай игі шараны қолға алып жатыр. Әрине, бұл көңіл қуантарлық іс. Тек мұның нәтижелі болғанын қалаймыз. Иә, мектеп бітіруші түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Келесі кезекте маңызды сынақ күтіп тұр. Ол, әрине ҰБТ сынағы. Мұнда бірі – бағына, бірі – біліміне, енді бірі асқақ арманына сенеді. Біз де түлектердің осы өмір баспалдағынан сүрінбей өтуіне ті­лек­шіміз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
27 мамыр 2019 ж. 1 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031