» » ҰБТ: Грант білім беру бағдарламаларына бөлінеді

ҰБТ: Грант білім беру бағдарламаларына бөлінеді



Биыл ҰБТ форматы мен тиісті пән комбинациялары өзгеріссіз қалды. Жаңалық – биылдан бастап мамандық емес білім беру тобы таңдалатын болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында хабарланған.

Кеңірек тоқталсақ, биылдан бастап ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға болады. Жоғары оқу орнына ақылы түрде түскісі келетіндер қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айында тест тапсыра алады. ҰБТ тапсырған сайын пәнді өзгертіп тұруға да болады.

Тек 20 маусым мен 5 шілде аралығында ҰБТ тапсырып, шекті балл алған талапкерлер ғана білім гранттары байқауына қатыса алады. Бейінді пәндер комбинациясы өзгерген жоқ.

Бұрын гранттар мамандық бойынша бөлінетін. Биыл білім беру бағдарламалары бойынша бөлінеді. Барлығы 97 топ бар, тізімі Ұлттық тест орталығының сайтында берілген.

ҰБТ тапсырып шекті балл алған соң талапкерлер білім грантын тағайындау бай­қауына қатысады. Өтінімдер 13-20 шілде аралығында қабылданады. Құжат тапсыру барысында ЖОО мен 4 білім беру тобы көрсетіледі.

Грант білім беру бағдарламасына бөлінеді. Ал білім беру бағдарламасы жоғары оқу орнына барған кезде таңдалады. Мысалы, талапкер «Химия пәні мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасы тобының грантын ұтып алды делік. Жоғары оқу орнына қабылдану барысында оқу орнының білім беру бағдарламаларында «Химия» немесе «Химия-Биология» пәндерінің бірін таңдауға мүмкіндік бар.

Оқуға қабылдау 10-20 тамыз аралығында өтеді. Оқуға түскені жайлы бұйрық нақты білім беру бағдарламасына орай шығады, кейін диплом да сол бойынша беріледі.

Білім беру бағдарламалары топтары бойынша грант саны нақтыланған соң, тізім БжҒМ мен ҰТО сайтында жарияланады. ЖОО жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары реестрі де сол жерде ілінеді.

Шекті балл деңгейі өзгеріссіз, ұлттық ЖОО-ларға кем дегенде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кем дегенде 50 балл жинау керек. Әйткенмен «Педагогика ғылымдары», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» маман­дықтарына кем дегенде 60 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» мамандықтарына кем дегенде 65 балл талап етіледі.

Биыл ҰБТ мен кешенді тест біріктірілді. Дегенмен, әр санаттағы талапкерлер әр топқа бөлінеді және сынақты бір күнде тапсырмайды. Тағы бір жаңалық – техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектері Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай-ақ, өз пәні бойынша қысқартылған бағдарламаға сәйкес ақылы бөлімге түсе алады. Ол үшін сол ЖОО сынағын ғана тапсырады.

Өткен оқу жылында жоғары оқу орнына түсу сынағы мек­теп бітіру емтихандарынан ажыратылғаны белгілі. Енді ҰБТ-ның мектеп бітіру сынағына қатысы жоқ. Тест нәтижесі мектеп рейтингіне әсер етпейді.

ҰБТ – талапкерлердің жеке жұмысы. Мектеп бітірушілер тест тапсыру үшін онлайн немесе жазбаша тіркеліп, ЖОО-ға сынаққа барады. Мектеп ҰБТ тапсыратын күні оқушыларды оқу орнына тасымайды, мұғалімдер тест тапсыратын бала санын өткізбейді.
syrboyi.kz
22 мамыр 2019 ж. 1 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031