» » ҰБТ басталды: Аудандағы жай қандай? (фоторепортаж)

ҰБТ басталды: Аудандағы жай қандай? (фоторепортаж)

ЖОСАЛЫ, 23 маусым – qarmaqshy-tany.kz Бұл ҰБТ бұрынғыдан өзгеше. Айтайын дегеніміз, түлектер тапсыратын тестке өзгеріс енгізілген жоқ. Бәрі қалпында. Тек әлемді жайлаған індет тест тапсыру талаптарына үлкен өзгеріс әкелді. Бұрынғыдай мектеп алдында жиналып, жүректері лүпіл қаққан оқушылар жоқ. Балаларына алаңдап, күннің көлеңкесін паналаған ата-ана мүлдем көрінбейді. Бәрі мектеп маңының ту сыртында қалды. Түлектерге ҰБТ тапсыру екі күнге белгіленген. Бүгінгі тест тапсыратын оқушы саны – 127.

ҰБТ тапсыру карантин талабына сай жүргізілді. Мұнда оқушылар мектепке кірерде ара қашықтықты сақтап, белгіленген сызық бойынша жүріп отырды. Арнайы кабинадан дезинфекцияланып, дене қызуы өлшенді. Өздерімен тағып келген бетперде кіре берісте қалдырылып, ауыстырып киіп отыратын жаңасы берілді.

Аудиториялар толығымен залалсыздандырылған. Түлектер әр партаға жеке отырғызылып, ара қашықтықты да қамтамасыз еткен. Мұнда бәрі бейне бақылауда. Ұялы телефон байланысын бұғаттайтын құрылғыға дейін жабдықталған. Ең ақырғысы сырттан кірер есіктер жабылып, тәртіп сақшылары ешкімнің кірмеуін қатаң бақылауда. Міне, карантин талабы осылай. Тек түлектердің ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып шығуына тілекші болудан басқа шара жоқ.
репортаж,
Ерсін СӘДУҰЛЫ









23 маусым 2020 ж. 1 884 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930