» » Табыс – табандылықта

Табыс – табандылықта

Қай істе де қабағы ашық маманның қызметіне тұтынушы асық. «Жүзі жылыдан түңілме» дегенді қазақ бекер айтпаса керек. Бұл пәлсәпаны бүгін кәсіпкерлік бағытта қолданбақпын. Халықпен жұмыс істеп, көптің көңілінен шығу әсте оңай емес. «Оңай емес» деп қалай болса солай дүрсе қою тағы әбестік. «Алсаң ал, алмасаң бар» дейтін сатушыларды да көз көріп, құлақ естіген. Біз айтқалы отырған кәсіпкер ерекше жан. Ол «Дипломмен – ауылға» барған жосалылық жігіттің жары, ауылдан алғыс алған шаштараз – Гүлжанат Алмаханова.
2014 жылы жаңа ғана жосалылық жігіт деп таныстырған Дәулет Бұқпанов аудан орталығынан Тұрмағамбеттегі №29 орта мектепке география пәні мұғалімі болып жұмысқа жіберілген. Бірер жыл еңбек еткен маман ауылда тұрақтап қалуды көксесе керек. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен үй алып, теңім деп тапқан Гүлжанатпен шаңырақ көтеріпті. ІІІ Интернационал ауылының тумасы Гүлжанат Сәбитқызы жоғары білімді жас. Есепшілік мамандықты игерген. Ал оның шаш сәндеп, бет әрлеуі бала кезден үйреншікті хоббиы. Мамандығымен жұмыс істеп те көріпті. Бірақ жүрек қалауын кәсіпке айналдыруға бел буған. Осылайша «Бизнес бастау» курсын оқып, шаштараздың мамандығын толық меңгеруге бетбұрыс жасайды. Икемді істі игеріп әкететініне сенген ол жоба қорғап, жеңімпаз атаныпты.
Елді мекенде шаштараздың қызметіне сұраныс едәуір. Аудан орталығы немесе қаладағыдай көп сән салоны жоқ. Сондықтан тұрақты жұмыс істеп, тұрғындардың көңілінен шығатын қызмет көрсетуші қажет-ақ. Үйінің бір бөлмесін шаштараз етіп жасақтаған Гүлжанат мемлекеттік қолдаудан шет қалмады. Құжат тапсырып, қайтарымсыз 500 мың теңге грантқа ие болды. Оған қажетті құралдарын алды. Қазір ер мен әйелдер шашын қияды, бояйды, шаш сәндеу, тырнақ, бет бояу тәрізді қызметтер көрсетеді. Аз уақыттың ішінде тұрақты тұтынушыларын тауып, ауыл әкімінен алғысына бөленген.

– Бұл жұмыстың ерекшелігі адамдармен сөйлесе білу керек. Көңілін таппасаң болмайды. Қазіргі жастардың талғамы жоғары. Ер балалар шаш қию стиліне ерекше мән береді. Кімге болсын шашының ұқыпты, тиянақты алынуы аса маңызды. Мен ауылда білікті «шаштараз маман жоқ» дегенді айтқызғым келмейді. Сондықтан үнемі қосымша білім жетілдіремін, – дейді жас кәсіпкер.
Иә, 2 жылдың бері ауылдан шаштараздың ашылып, жұмыс істеуі тұрғындарды қуантады. Бұрынғыдай бәрі қалаға ағылмайды. Бағасы тиімді, қызметі сапалы Гүлжанаттың кезегіне жазылады. Алдағы уақытта да осындай игі істер жалғаса берсе, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді ауыл тұрғыны Мұрат Алдамұратов.
Иә, кейіпкердің жүзіндегі жымиыс, тұтынушылармен сыпайы сыйластығы, ұқыптылығы мен ширақтығы кәсібіне деген сұранысты арттырмаса, кемітпейтіні көрініп тұр. Раушан мен Медина атты кестетігерлерінің қылығына сүйсініп, маңдайынан иіскеген жас ана, сүйікті жар, ибалы келін кезекті көп күттірмей, келесі тұрғынның шашын қысқартуға кірісті.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА





27 маусым 2020 ж. 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031