» » ​Төл құрдасы елімнің

​Төл құрдасы елімнің


Аудандық емхананың психологы Жұлдызай Исаханова тәуелсіздіктің төл құрдасы. Анасы Зәмзәгүл таңмен таласып өмірге іңгәләп сәби әкелгенде теледидардан егемендік алғанымыз жарияланыпты.  Екі сүйіншіні естіген отбасы қос қуанышты қатар тойлаған. Ел үшін ерекше мерекеде туған кестетігерінің өмірі жарық болсын деп  атын Жұлдызай қойыпты.
Жұлдызай атына заты сай ақылды қыз боп өсті. №121 мектепті ерекше аттестатпен, жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітірген. 2014 жылы аудандық емханаға мамандығы бойынша психолог болып жұмысқа тұрып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен баспана алған. Бойжеткен психолог болуды бала кезден армандаған. Жүрек қалауы болған соң өз жұмысын сүйіп атқарады. Жемісін көріп, жетістікке жетсем дейді. Жылана 3-4 рет Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды сынды үлкен қалаға барып біліктіліктігін арттырып жүр. Көпке көмектесе алатын мықты маман атану жолында аянып қалмақ емес. Әкесі Бақтияр ауған соғысының ардагері. Анасы Зәмзәгүл аудандық оқушылар үйінде қызмет етеді.
– Тәуелсіздіктің құрдасы бола тұра өзіммен бірдей қаз тұрып, тәй-тәй басқан елімнің берік қабырғасының бір кірпіші болып қаланбауым сын шығар. Ата-анам «Алланың бергені» деп маңдайымнан сүйіп, үлкен үмітпен өсірді. Мен әрдайым осы сенімге селкеу түсірмеуге тырысамын. Егемен болған жылдарда еліміз әлем таңқаларлықтай өзгерді, өсті, өркендеді. Әр туған күнімде өзіме есеп беремін. Қазақстан қандай зайырлы мемлекет болса, мен де сол елдің мықты маманы болуды мақсат тұтамын, – дейді ол.
Психолог Жұлдызайдың жеке қабылдауына жүкті әйелдер мен мүгедектер, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала көп келеді. Нәтиже көргендер алғысын жаудырып жатады.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
14 желтоқсан 2019 ж. 1 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 238

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 341

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930