» » "ВІ-ЖҰЛДЫЗАЙ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

"ВІ-ЖҰЛДЫЗАЙ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ


ҚАРМАҚШЫЛЫҚ АБДУЛҚАСЫМҚЫЗЫ НАЗЫМ  XIV "ВІ-ЖҰЛДЫЗАЙ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕН І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Конкурсқа жерлесіміз Абдулқасымқызы Назым өнер көрсетіп, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ВІ-Жұлдызай» халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінде ән жанры бойынша І орын иегері атанды.
Мемлекет басшысы ерекше мұқтаж балалардың шығармашылығына арналған XIV "Жұлдызай" халықаралық фестивалінің гала-концертін тамашалаған болатын.
Конкурстық іріктеудің ақтық кезеңіне 255 бала қатысты. Ең таңдаулы өнерпаздар қорытынды гала-концерттің бағдарламасына енгізілді.
Концертте фестивальға қатысушы балалармен бірге дуэтте КешYOU, Дәулет Болатов, Балжан Бидаш, Айша, Назым Абілдина сияқты отандық эстрада жұлдыздары мен "Дауыс. Балалар" жобасының жеңімпазы Максим Ержан өнер көрсетті.
Бұл халықаралық фестивальді Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "BI-Жұлдызай" корпоративтік қоры ұйымдастырды. Биыл шығармашылық конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен 7 758 өтінім түскен. Оның сыртында, Грузиядан, Беларусьтен, Түркиядан, Ресей Федерациясынан және Франциядан өнерпаздар қатысты.
ІІІ-интернационал ауылының тумасы Абдулқасымқызы Назым 2018-2019 оқу жылында Қармақшы аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне түзете-дамыту жұмыстарын алуға тіркелген.
Жерлесіміз Назым Республикалық «ВІ-Жұлдызай» фестиваліне алғаш рет 2017 жылы қатысты. 2019 жылы аудандық, облыстық «ВІ-Жұлдызай» фестивалінің іріктеу кезеңінен өтіп, республикалық «ВІ-Жұлдызай» фестиваліне жолдама алған болатын.
Назым ән салғанды, қол өнермен айналысқанды жақсы көреді. Аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 маусым 2019 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930