» » Көпке үміт сыйлаған, халықтан алғыс жинаған

Көпке үміт сыйлаған, халықтан алғыс жинаған

Қала келбеті күн санап көз тартуда. Биік-биік нысандар, теп-тегіс асфальт, безендірілген көшелер. Бала күнімде бір нысан ерекше есте қалды. Ауылдан қалаға барған сайын биік ғимаратқа тамсана қараймын. Сол кезде оның не екенін де білмедік қой. Тек биік, дизайны ерекше аппақ үй іспетті болды. Қазір сол ғимарат тұрған көшеден өтсем езуіме күлкі оралады. Қалтасы томпайған біреудің үйі деп жүрсем... Бала көңілім алдапты. Бірақ бұл жерде ем іздеген талай жан ауруынан айығып шықты. Талай жан үмітін сөндірмеді, қайта жақты.

1853 жыл. Ең алғаш Перовск орталық уезінің тұрғындары медициналық көмекті, әскерилерге көмек көрсету мақсатында құрылған лазареттен ала бастады. Онда бір дәрігер мен көмекші әйел ғана болды. Олар көмекті әскери адамдарға ғана емес, шенді азаматтарға, мүмкіндігінше жергілікті тұрғындарға да көрсетті. 1858 жылдан әскери лазарет Медициналық лазарет болып аты өзгертіліп, Перовск тұрғындарына көмек көрсете бастады.Совет билігі құрылған соң ғана халыққа медициналық көмек көрсету өзгерді. Сырдарияның даласында экономикалық өзгерістер болды. 1938 жылы қалалық аурухана базасында Қызылорда облыстық ауруханасы құрылды. Уақыт өте күш пен жігерді аямастан аурухананы қалыптастыру, мамандармен қамтамасыз ету, заманауи құралдармен жабдықтау, аурухана базасының материалдық-техникалық жақсарту жолында енбек атқарды. 1992 жылы көп мамандандырылған аурухана кешені құрылысы басталып, 1998 жылы бір бөлігі пайдалануға берілді. 1999 жылы облыстық аурухана облыстық медицина орталығы болып аты өзгертілді, ал былтыр ақпаннан бастап көпбейінді облыстық ауруханасы болып өзгертілді.
Тарихты бір шолып алдық. Енді өзімізге оралсақ. Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы ашылды. Аталмыш орталықта Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан азаматтары мен Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарының тұрғындары медициналық көмек ала алады. Айта кеткен жөн, 2007 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім негізінде Байқоңыр қаласында 80 төсектік перзентхана, ҚР қаражаты есебінен ауысымына 100 келушіге арналған әйелдерге кеңес беру орталығын салу туралы шешім қабылданған болатын. Орталық ғимаратының құрылысына 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Құрылыс жұмысы 2010 жылдың аяғында аяқталып, әртүрлі себептермен нысанның ашылуы кейінге қалдырылып келді. Тек 2015 жылдың қарашасында Қызылорда облысы әкімдігінің бастамасымен Мәскеуде өткен үкіметаралық комиссия отырысында аталмыш ғимаратты Қазақстан тарапына беру туралы шешім қабылданып, аурухананы жабдықтау үшін қосымша қаражат бөлінді. Облыстық медициналық орталық филиалының ашылу салтанатына сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Жер үсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану» орталығы бас директорының міндетін атқарушы Ранохон Джураева қатысып, Байқоңыр қаласы тұрғындарының қуанышына ортақтасқан болатын.
Орталық филиалдың ашылуы Байқоңыр қаласында тұратын қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш болды. Мұнда жаңадан ашылған медициналық орталық Қармақшы, Қазалы мен Арал аудандарының тұрғындары үшін де медициналық көмек көрсетеді.

– Медициналық көмек солтүстік аудандардың тұрғындары облыс орталығына барып ем алатын басты бағыттар бойынша жүргізіледі. Алғашында ауруханада 30 төсек орынға терапия, қалпына келтіру және күндізгі емдеу бөлімдері ашылды. Ем алуға қала тұрғындарымен қатар басқа аудан жұртшылығы да келді. Алғашқы жылы аталмыш нысанда 1200-дей науқас ем қабылдады. 2018 жылы аурухана жанынан Байқоңыр қаласы және Ақай, Төретам елді мекендерінің тұрғындарына арналған емхана ашылды. Ал былтыр тамыз айында «Байқоңыр қалалық көпбейінді аурухана» болып қайта құрылды. Сонымен қатар хирургия, гинекология, жансақтау сынды бөлімдер ашылып, қазір аталған бағыттар бойынша науқастар ем алуда, – дейді Байқоңыр қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханасы бас дәрігері Жандос Қойшыбайұлы.
Сондай-ақ, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында 24 млн теңгеге заманауи зертханалық құрал-жабдықтар алынып, аурухананың материалдық-техникалық базасы толықтырылған. Ақай мен Төретам елді мекендерінің тұрғындары енді Байқоңыр қаласында ашылған емхана қызметін пайдалана алады. Емхана енді облыстық медицина орталығының Байқоңырдағы филиалы есебінде қызмет көрсетеді.
– Жан-жақтан емделушілер келеді. Барлығының ойында бір ғана арман бар. Ол – ауруынан құлан таза айығу. Мекемеде 472 қызметкер жұмыс атқарады. Әрқайсысының өзіндік ұстанымы, өз саласы бар. Гиппократқа ант берген медицина саласының қызметкерлері әрқашан тұрғындарға демеу болуда. Вакцинация жасау, амбулаториялық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмектермен қамту, диспансерлік науқастарды динамикалық бақылау, алдын-ала тексеруден өткізу атап айтсақ, әскерге шақыру алдындағы және жасқа толғанға дейінгі балаларды медициналық тексеруден өткізу сияқты бірқатар проблемалық мәселелерді шешу үшін жұмыс тобы құрылған, - дейді бас медбике Алмагүл Махамбетжанова.
Тұрғындар біледі ғой, осы уақытқа дейін Ақай мен төретамдықтар 90 шақырым қашықтықта орын тепкен Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі медициналық қызметті пайдалануға мәжбүр еді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету мақсатында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық медицина орталығының Байқоңырдағы филиалында Қазақстан азаматтары үшін емхана жұмыс істей бастады.
Медициналық орталық қажетті мамандармен толығымен қамтамасыз етілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, қазір ҚР азаматтары, оның ішінде зейнеткерлер, 18 жасқа дейінгі балалар және Байқоңыр қаласында тұратын жұмыссыз азаматтар облыстық медициналық орталығы филиалының қызметін пайдалана алады.
Айнұр ӘЛИ
30 мамыр 2020 ж. 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 080

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031