» » Жылыжайда жай қалай?

Жылыжайда жай қалай?

Көктем мезгілінде жылыжайда мезгілінен бұрын өсірілген жеміс-жидек пен көкөніс жегің келеді. Себебі адам ағзасы көктемгі уақытта нағыз дәруменге бай жеміс-жидекді қажет етіп тұрады. Қазір жаз шықпай жатып дүкен сөресінде азық-түліктер қаптап тұр. Көздің жауын алатын жылыжай көкөністерінің басым көпшілігі көршілес Өзбекстан мен Қытайдан келетіні белгілі. Ал қазақстандық көкөніс, жеміс-жидек өнімдері дүкендерге жаздың ортасынан ауа шыға бастайды. Елде көкөніс өнімі өндірісінің көлемі жеткілікті көрінгенмен басқа уақыттарда отандық өнімге қол жетпей қалатыны жасырын емес. Бұған бір жағынан климаттық жағдайдың да әсері бар. Қайтпек керек?


Бүгінде жылыжайларды дамыту өзекті мәселе екеніне көзіміз жеткен сияқты. Қыс бойы базар сөрелеріндегі қияр, қызанақ, аскөк, көк жуаны баға қымбатына қарамай сатып алып жатып, «өзімізде қашан болады?» деген сұрақ әрбірінің көкейінде жүргені шындық. Көрші елдерде көктем басталса «көктеп көгеріп» шыға келетініне қызыға қарайтын шақтан, ендігі бұл мәселені шештін кезде келді. Қазір ел, өзгеге тәуелді болмас үшін әр аймақта шамашарқынша жылыжай мәселесін шешіп жатыр. Оған дәлел алысқа бармай-ақ өңірдегі жылыжайға тоқталсақ.


Көп ұлттың мекені атанған ІІІ Интернационал ауылында бүгінде жылыжай жұмыс істеп тұр. Осыдан 3 жыл бұрын «Қармақшы ауданында жаңа технологияларды енгізу арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жобасы» бойынша салынған жасанды бақша, №108 мектеп жанында орналасқан. Күтушісі Лариса Лянның айтуынша мұнда бақша өнімінің бірнеше түрі өсіріледі.

– Қазір жылыжайда қияр, қызанақ, болгар бұрышы, сәбіз және ақжелкен күтімге алынған. Биыл өнімнің нәтижесі жақсы, ойдағыдай шығып тұр. Әрине, сәбиді күткендей тіршілік жасаудамыз. Оларды ерекше ықыласпен баптап күте білмесең, өнім ала алмайсың. Бір сәт назардан тыс қалдыруға болмайды. Бес күнде бір рет суарамыз. Мұнда тамшылату әдісі бойынша жүргізіледі. Маусым айында алғашқы жемісін тұтынамыз деген ойдамыз, – дейді жылыжай күтушісі.

Көктемгі өнім жазда жиналғаннан кейін күзде тағы егіледі. Дәрілері уақытылы беріліп, зиянкестердің алдын алуда. Өнім мектептің асханасына пайдаланылады. Артылғанын сатып, мектеп өзінің қажетті шығындарына жұмсайды.

Осы жоба Төребай би ауылында да шешілген. №199 мектеп жанынан ашылған жылыжай жүйесі де жоғарыда айтылған қалыпта жүргізіледі. Тек жылу жағы енді қолға алынбақ. Жылыжай күтушісі Мұрат Есетов қияр өніміне басымдық берілгенін айтады. Себебі басқа да жемістер өскенімен күннің ыстығында іштегі қызумен қурап қалады екен. Минералды тыңайтқыштар өз уақытымен берілуде. Мәселен, қияр үш құлақ болып көтерілген кезде алғашқы дәрісі берілсе, одан кейін түйнек салғанда тағы қайталанады.

– Қазір қиярдың алғашқы өнімін дүкендерге шығарып қойдық. Келісін 350 теңгеден сатудамыз. Жылда көктемгі еккенімізден мол өнім аламыз. Ал күзгі шығу жағы қиындау. Өйткені жылыжайда жылу жоқ. Күн суытса жердегі барлық тіршілік жылы жерді іздейді белгілі. Көкөніске керек жылылықты бір қалыпты сақтау қажет. Жылыжайды жылумен қамтамасыз ету бұл жай ғана мәселе емес, үлкен еңбекті қажет етеді. Сол себепті мұндағы көкөністер қазан айында күн салқындай бастаса өсуі тоқтап, үсіп кетеді, – дейді Мұрат.


Ерсін СӘДУҰЛЫ
23 мамыр 2020 ж. 732 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 080

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031