» » Табандылық – тындырымды істің бастауы

Табандылық – тындырымды істің бастауы

ЖОСАЛЫ, 7 сәуір – qarmaqshy-tany.kz КҮРЕ ЖОЛДЫҢ ОҢТҮСТІК-БАТЫСЫНА ҚАРАЙ ЖҮРСЕҢІЗ ЖҮЗ ШАЙЫР МЕКЕН ЕТКЕН АУЫЛ МЕНМҰНДАЛАЙДЫ. СЫР ЕЛІН БҮКІЛ ҚАЗАҚ «СҮЛЕЙЛЕРДІҢ МЕКЕНІ» ДЕП ТАНЫСА, АЛ СОЛ СЫР СҮЛЕЙЛЕРІНІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ АТАНҒАН ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫ БҰЛ. ӨТКЕН ЖЫЛЫ 60 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАҒАН БҰЛ АУЫЛ БІРАЗ ДҮНИЕЛЕРМЕН ЖАҢАРДЫ. ОРТАЛЫҚ АЛАҢ САЛЫНЫП, ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ. ОДАН БӨЛЕК, НҰРЖАН ПІРМАНТАЕВ БАСҚАРАТЫН «ТҰРМАҒАМБЕТ» ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫНДА АУДАНДАР АРАСЫНДА КҮРІШ ӨСІРУДЕН І ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛСА, ОБЛЫС БОЙЫНША ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.

   Былтыр шаруашылық 2700 гектар жерге күріш егіп, әр гектарынан 75 центнер өнім алды. Тәжірибе ретінде соя дақылының ерте пісетін «Жансая» сорты алынып, 20 гектар жерге егілді. Еңбек майталмандарына 4 тұрғын үй кілтін табыстады.
   – Биыл алға қойған жоспарымыз ауқымды. Өткен жылға қарағанда егіс көлемін ұлғайтып отырмыз. Көктем келіп, жер босаңсыған уақытта 200 гектар бидай мен 180 гектар жоңышқа септік. Ал сояны былтырғыдан 40 гектарға көбейтіп егуге дайындап жатырмыз. Тағы бір басты жаңалығымыз көркейтукөгалдандыруға байланысты орталық алаңға 250 түп шырша талын отырғызудамыз. Шаруашылықтың есебінен арнайы Шымкент қаласынан алдыртып, ауылға көктің осы түрін тәжірибе ретінде егіп жатырмыз, – дейді шаруашылық директорының орынбасары Серікбек Мұхтаров.
   Орталық алаңда қызу тірлік. Ауылдың көркеюіне бір кісідей атсалысқан тұрғындар таңның атысы күннің батысы осы жерде. Техникамен шырша талының орнын дайындап қазуда. Шымкенттен арнайы келген мамандар ауыл бағбанына жасыл ағашты күтіп баптаудың қыр-сырын түсіндіріп, тәжірибе алмасуда екен. Маманның бұл кәсібіне қызыға қараған біздер халыққа да бір кәдесі жарасын деген ниетпен әңгімеге тарттық.
   – Жалпы шыршаның 200 түрі бар. Соның ішінде ыстыққа төзімдісі, жергілікті жерге қолайлысы – можжевельник шыршасы. Жеміс ағашы мен қияр, қызанақ өскен жерде шырша да шығады. Сол себепті осы түрін ауылға таңдап әкелдік. Қазір шыршаны қалай егу керегін түсіндірудеміз. Біздің келудегі мақсатымыз да сол. Шыршаны отырғызу кезінде қазылуына мән береміз. Тереңдігі мен ені – 70х70 болу керек. Топырағын таңдап саламыз. Міндетті түрде көң араласқан, шеңгел өскен топырақ болады. Дәрі-дәрмегін өзімізбен бірге ала келдік. Азанғы сағат 5-тен 9 жарымға дейін суару керек, кешкісін де солай. Шыршаға ең қауіпті уақыт – шілде. Осы айдың ыстық желінен аман сақтап өткізу үшін жан-жағынан ықтап көлеңкелейді. Ол жақсы күтімді қажет ететін өсімдік, – дейді шырша өсіруші Ұлбосын Байтасова.
Бұл шыршаның ерекшелігі басқа түріне қарағанда тез өсетін көрінеді. Бір жылда 15 сантиметрден 60-қа дейін биіктейді. Тек қырқып баптап отырса болды. «Егер жақсы көгеріп жатса болашақта ауылды шыршамен көркейтеміз» дейді Серікбек ағамыз.
   Шыршаны күтіп баптауға және қарауына шаруашылық бағбаны мен қарауылын да дайындап қойыпты. Олар жас отбасы ерлізайыптылар Серік пен Жанна. Атадан тараған бағбаншылықты Серік қайта қолға алып, елге септігін тигізбек. Ал Жанна күміс алқа иегері. Оның гүл өсіруде тәжірибесі мол. Ендігіде шырша баптаудан бағын сынап көрмек. Осының бәрін қарап, малдың жеп кетуі мен тентектердің сындыруынан қорғау – Ғалия апайдың мойнында. Ол кісі осы орталық алаңның тазалығына жауап береді, әрі күзетеді.
   Айналып келгенде бәрінің илегені – бір терінің пұшпағы, туған жердің көркеюі мен тазалығы. Туған елге қызмет еткеннің ешқашан еңбегі ұмыт қалмайды.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
07 сәуір 2020 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031