» » Снюстың құны – "бір ғұмыр"

Снюстың құны – "бір ғұмыр"

Қазіргі таңда адам денсаулығынан бөлек табиғатты, Жер Ананы қорғау өте маңызды. Техника мен өндіріс қарыштап дамыған заманда зәулім-зәулім зауыттан бастап бір тал темекінің түтіні қоршаған ортаға едәуір зиянын тигізіп жатқаны нақ. Сол үшін ойлап тапқыштар оның алдын алу мақсатында сан қырлы шешім іздеуде. Оның ішінде тұрмыстық қоқысты тиісті жерге тастау да бар. Тіпті қазір көшеде темекі шеккен адамға 3 АЕК көлемінде айыппұл, ал егер бір жыл ішінде бұл әрекет қайталанса 6 АЕК айыппұл салынады. Бұл, әрине жақсы заң. Бірақ қазір адамның құмарын тудыратын заттар күн санап көбеюде. Соның бірі – "түтінсіз темекі" деп аталып кеткен снюс.

Бұл зиянды зат біздің елде жақында белең алса, негізгі түп тамыры сонау 1637 жылдары Швециядан шыққан. Қазір бірқатар Еуропа елдерінде бұл шайнайтын темекіге заң бойынша шектеу қойылған. Алайда Швецияда бұл "есірткі" заңды түрде сатылады. Біздің елімізде де бұл зиянды затқа толықтай шектеу қойылмаған, алайда тек кәмелеттік жасқа толған жандарға ғана сатылады. Дегенмен "жанашыр" жандар оны мектеп оқушылары мен жас жеткіншектерге сатып жүр. "Көк қағаз" үшін бәріне дайын сатушылар снюстің адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін түсінсе де сауда айналымынан бұл шайнайтын темекіні алып тастаған жоқ.

Біле білсеңіз, бір тал темекіде 1,5 мг никотин болса, бір дана снюстың құрамында кем дегенде 30 мг никотин болады. Ал қоғам арасында бұл "түтінсіз темекінің" зиянсыз екені айтылмай жүрген жоқ. Яғни снюс ауыз қуысының обырын, ұйқы безі, өкпе мен өңештің қатерлі ісігін тудырады. Одан өзге бұл зиянды затты тұтынатын адамның ауыз қуысында никотин 30 минутқа дейін сақталады. Ал бұл уақытта улы заттар адам ағзасына түсіп үлгереді. Одан өзге снюсті 5-6 минут пайдалану тәуелділікті арттырады және ол зиянды әдеттен арылу қарапайым шылым шегуден де қиын.

Иә, бұл жаңа "індеттің" адамға алып келер қасіреті аз емес. Ең өкініштісі – зиянды зат қазір жастар мен мектеп оқушылары арасында тарап, сәнге айналуда.

Бірақ, ағзасы әлі толық жетілмеген жасөспірімге снюстің зияны екі есе көп. Ең біріншіден жеткіншектің бойының өсуі баяулайды, қызуқандылық туып, есте сақтау қабілетіне кері әсерін тигізеді. Одан өзге асқазан, бауыр, өкпе мен ауыз қуысының ісігіне шалдығу қауіпі жоғарылап, жұқпалы ауруларға қарсы тұрақтылығы әлсірейді. Статистикалық мәліметтер бойынша снюсті ең алғаш пайдаланған жеткіншек 4-5 жылда-ақ темекі тұтынады.

Соңғы жылдары зиянды заттан жапа шеккен мектеп оқушылары жайлы жаңалықтар көп. Соңғы екі айдың көлемінде көршілес Ресейде 20-дан астам мектеп оқушысы снюстан уланған. Ал ең қорқыныштысы 11 жасар баланың снюстан қаза табуы. Ол мектептегі жоғары сынып оқушысынан 20 рубльге бір "кәмпит" сатып алған. Оны сабақ уақытында тұтынып, өзін жайсыз сезінген. Кейін есінен танып қалып, емханаға жеткізілген. Дәрігерлер ота жасап үлгермей мектеп оқушысы жан тапсырған. Кейінірек дәрігерлердің медициналық тексеруінен соң оның ағзасынан снюстің құрамы табылған.

P.S.
Темекіні тұтынудан арыламын деп снюсті пайдалану – үлкен қателік. оның құрамында темекіден де көп есірткі түрі бар. Ал бұл заттың жастар арасында елең алып, сәнге айналып бара жатқаны келер күнге қауіп төндіреді. Болашағынан көп үміт күттірер жастарымыздың дені мен жан саулығы – маңызды. Сондықтан қоғам болып бұл індеттің алдын алайық!

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
25 ақпан 2020 ж. 1 096 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 324

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 417

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930