Құрылтай
» » Теміржол билетін алып-сатумен айналысқан қызметкерлер жұмыстан босатылады

Теміржол билетін алып-сатумен айналысқан қызметкерлер жұмыстан босатылады

Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды бөтен күдікті тұлғалардың қызметін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз алып-сату фактілерін байқаған жағдайда ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Желілік полиция бөлімшесіне жүгінуге шақырады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «ҚР Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 449-бабына сәйкес қоғамдық орындарда тиіскен жеке тұлғаға ескерту жасалады не болмаса бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Әкімшіліктік жаза салынғаннан кейін жыл ішінде қайта жасалса, әрекет қайталанса – он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл не болмаса бес тәулікке дейінгі әкімшіліктік қамақ қолданылады», - деп көрсетілген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Шетелдік не болмаса азаматтығы жоқ тұлға осындай әрекетке барса, онда бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, не болмаса бес тәулікке әкімшіліктік қамаққа жабылады не болмаса Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылады. Компания қызметкерлерінің билеттерді заңсыз алып-сату жағдайларына араласуы орын алса, онда тиісті, тіпті еңбек келісімшартын бұзуға дейінгі шараларды қабылдау үшін айғақ болатын бейне және фото материалдарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының блогына бағыттауға болады. Жолаушылардың билетсіз тасымалдануының құқықтық салдары туралы жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында барлық вокзалдарда «Начни с себя» және «Өзіңнен баста» бейнероликтері көрсетіліп жүр. 

www.24.kz
28 шілде 2019 ж. 1 041 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 064

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31