» » Ата-аналар назарына: Енді балаңыз себепсіз сабақтан қалса, айыппұл төлейсіз

Ата-аналар назарына: Енді балаңыз себепсіз сабақтан қалса, айыппұл төлейсіз

Сабақтан қалғаны үшін жауапкерлікке тартылады

Интернет желісінде "Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес негізсіз сабақтан қалған балалардың ата-аналары 15 883 теңге көлемінде айыппұл төлейді" деген WhatsApp хабарламалар таралған болатын. Осыған орай министрлік өкілдері сабаққа бармай жүрген ата-аналарға айыппұл салынатыны жайлы хабарламаларға пікір білдірді. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.  

Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде оқушылардың сабақтан қалғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны көрсетілген.
"Әкімшілік кодекстің 127-бабында ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы салдарынан 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны айтылады. Биыл бұл сома 2 525 теңге болды. Сонда 17 675 теңге көлемінде айыппұл төлеу қарастырылған. Бір жыл ішінде осындай жағдайлар қайталанатын болса, 15 тәулікке дейін қамауға алынады немесе 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі", - деп түсіндірді ведомстводағылар.
Министрліктегілер мектеп немесе колледж қатысушысы себепсіз оқуға келмеген жағдайда басшылықтың бұл туралы білім басқармасындағыларға хабарлауы тиіс екенін айтты. Ата-анаға айыппұл салу мәселесі сот тәртібінде қаралады. Айыппұл бюджетке аударылады.

politic.bugin.kz


11 қаңтар 2019 ж. 3 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 272
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 150

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031