» » ТОПЫРАҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДА талабы бар

ТОПЫРАҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДА талабы бар

Жер – халық қазынасы. Оны қорғау, тиімді пайдалану, бүлдірмеу баршамыздың борышымыз. Осыған орай, аудандық жер қатынастары бөлімі аудан (шегі) шебіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы жерлерде жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жерді пайдалану мен қорғау мәсе­лелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сарап­тамасын жүргізу, пайдаланылмай жатқан жерді анықтау, олар бо­йынша түпкілікті шешімдерді қабылдау бағытында бірқатар жұмыстар атқарып келеді.
Айта кету керек, жер заңнамаларын бұзушылықтарды алдын алу және орын алған заң бұзушылықтарды жою мақса­тында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың өкімі­мен облыс көлемінде заңсыз карьерлерді анықтау және олар бойынша шаралар қабылдау мақсатында жұмыс тобы құрылып, облыс әкімі орынбасары С.Қожаниязовпен жұмыс тобының іс-қимылдарын реттейтін «Облыс көлемінде заңсыз карьерлерді анықтау зерттеп қарау, мониторинг жұмыс­тарын жүргізу, олар бойынша тиісті шараларды қабылдау үшін құқық қорғау жә­не мүдделі мемлекеттік органдарының бірлескен іс-қимылдарының Бағдаржолы» бекітілген.
Осы бағдаржолға сәйкес, қазір Қармақшы ауданы көлемінде заңсыз карьерлерде түгендеу, зерттеп–қарау, мони­торинг жұмыстарын жүргізу, олар бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылдары жүргізілуде.  
Қармақшы ауданы бойынша құм, саз өндірумен 2 заңды тұлға айналысады. Атап айтқанда «Анк–Дәулет» ЖШС  жалпы көлемі 23,0 га құрылыс құмын өндірсе, «Қармақшы Құрылыс» ЖШС жалпы көлемі 12,3 га, "Қармақшы" кен орнынан саз өндіруде.
Жер қатынастары бөлімі өз құзіреті шеңберінде заңсыз карьер қазу фактілері анықталған жағдайда қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан жерлерде, қазылған жердің көлемін, санатын, меншік иесін анықтап, тұлға тарапынан құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда олар бо­йынша мәліметті Қызылорда облысы бо­йынша экология департаментіне және орман қоры жерлері болса Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына тиісті шараларды қабылдау үшін жолдап отырады.
Сондай-ақ, қазылған жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатында жалға берілген жағдайда, шарт талаптарын өрескел бұзған тұлғаларды шартты бір жақты мерзімінен бұрын бұзу арқылы жерді алып қою шараларын қабылдау сияқты заңда көзделген өзгеде әрекеттер атқарылады.
ҚР Жер Экологиялық кодексінің 43-бабында егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар  қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесін беру туралы шешімінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттар берілгенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу деп бағаланады және ҚР-ның әкімшілік жауаптылықты көздейді және жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар беріледі. Осы нұсқама берілген тұлғалар онда көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда оларды орындау туралы тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыздар беріледі.
ҚР Экологиялық кодексінің "Жер қой­науын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін негіздеме жайлы және жер қойнауын пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптардың бұзылуына байланысты қоршаған ортаға келтірілген экономиялық бағалау есебі ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27.06. №535 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2010 жылғы 26 қаңтардағы №24 қаулысымен бекітілген "Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау ережесінің" 16-тармағына сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды (мұнан әрі ҚПҚ) өз бетімен өндірудің немесе оларды заңсыз пайдаланудың залалын экономикалық бағалау өндірілген пайдалы қазбаның және ҚПҚ-дан алынған тауар өнімнің он еселеген мөлшерінде айқындалады.
Мұнан бөлек, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабында Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу, мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иеленіп алу – жеке тұлғаларға – жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады.
Осы кодекстің 337-бабында Жерді бүл­діру, топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу топырақтың құнарлы қабатының біржола жоғалуын болғызбау үшін қажет болған жағдайларды қоспа­ғанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны жою немесе заңсыз сыдырып алу – жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз айлық есептік көрсеткіш, орта кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш, мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қоршаған ортаға келтірген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Осыған сәйкес құрылысқа қажетті құрылыс құмдарын және саз құмдарын пайдалану үшін жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың қызметтерін пайдалану керек екендігін хабарлаймыз.
Бөлінген, белгіленген жерден мекеннің аты көрсетілген аудан бойынша құжаттары бар заңды тұлғадан басқа жерден алған аудан тұрғындарын келтірілген зиянның соммасын есептетіп жеті жүз айлық есеп­тік көрсеткіш мөлшеріне дейін заң аясында айыппұлдар салынатынын қатаң ес­кертеміз!
Осы орайда, аудан аумағындағы мен­шік иелері мен жер пайдаланушылар, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларымен белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындап, жер учаскелерін нысаналы мақсаттарына сәйкестендіріп пайдаланулары қажет екенін назарларыңызға жеткіземіз.
Б.ӨТЕГЕНОВ,
Қармақшы аудандық жер
қатынастары бөлімінің
 басшысы. 
04 мамыр 2019 ж. 1 535 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031