» » ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ ЗАҢ БҰЗҒАН 328 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ ЗАҢ БҰЗҒАН 328 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 21-24 мамыр аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараны орындау мақсатында мобильді топтар құрылып, облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
  Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша көші-қон заңнамаларын бұзған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517- бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 328 шетелдік анықталды.
  Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 11 ҚР азаматтары және ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 11 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
  Өзбекстан Республикасының 7 азаматы республика аумағынан аластатылды. Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 8 азамат ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
Бұл жұмыстар күнделікті өз жалғасын табуда

24 мамыр 2018 ж. 1 645 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 263

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728