» » ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАЛАБАҚША ЖҮЙЕСІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАЛАБАҚША ЖҮЙЕСІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Қызылордада электрондық балабақша жүйесі іске асырылуда. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

Конференцияға қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, облыстағы жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, мектептердің, балабақшалардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Бүгінгі таңда облыс орталығындағы балабақшаларда баланың бірнеше рет тіркелуін болдырмау мақсатында электронды жүйе енгізілді. Сондай-ақ, балабақшаға кезекке қою, құжаттарды тапсыру, балаларды қабылдау процестері автоматтандырылған.
- «Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-анамен білім бөлімдері арасында тікелей байланысты азайтып, ата-аналарға үйінде отырып электронды түрде өтініш жасауға мүмкіндіктер туғызды. Жыл соңына дейін аудандарды да осы бағытқа көшіру мақсатында жұмыстар жүргізілуде» - дейді М.Мелдебекова.
Сонымен қатар, балабақшалардың талапқа сәйкестігін, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын анықтау мақсатында құрылған жұмыс тобы облыс бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. Жұмыс тобына тиісті құзырлы органдардан қызметкерлері тартылады. Бұл жұмыс тобы тұрақты түрде балабақшаларға, әсіресе жекеменшік балабақшалардың сапасына мониторинг жүргізетін болады.
Конференция барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев:
– «Әлі де болса мектептерде, балабақшаларда ата-аналардан заңсыз ақша жинау кездеседі. Жөндеуге, басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға деп заңсыз ақша жинау фактілерін түбегейлі жоюды білім саласындағы мекеме басшыларына қатаң ескертеміз. Ата-аналар ондай шығындарды төлеуге міндетті емес. Білім беру ұйымының шығыстарына бюджеттен қажетті көлемде қаражат бөлінуде» - деді.
kyzylorda-news.kz


28 қыркүйек 2018 ж. 1 062 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031